• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

«Микросусындар»

Австриялық сусын өндірушісі Waterdrop «микросусындар» деп аталатын – суда 5 минут ішінде еритін қантсыз текшелерді шығарады. 

Waterdrop – негізінен дәм үшін суға қосылатын таблетка. Мұндай су қарапайым суды ішуді ұнатпайтын, бірақ жоғары калориялы газды сусынға ауысқысы келмейтіндерге ұнайды.

Waterdrop құрамы дәмдік түрлілігіне байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ әдеттегі ингредиенттер: лимон қышқылы, натрий карбонаты, инулин, калий карбонаты, стевия, әртүрлі дәмқосарлар мен витаминдер. Таблетка суға 0-ден 5-ке дейін калория қосады.

Өкінішке орай, түрлерінің атаулары бойынша – Love, Vibe, Youth, Zen, Focus, Boost, Glow, Shiro, Flair – олардың суға қандай ерекше дәм беретінін түсіну мүмкін емес, сондықтан әр алған сайын тұтынушыларға құрамын оқып шығуға тура келеді.

Дереккөз: http://crispy.news