Американдық Tropicana апельсин шырынын өндірушісі жағымсыз дәмі болмайтын шектеулі шығарылымдағы тіс пастасын шығарды.
Әдетте, апельсин шырыны тісті тазалағаннан кейін ішілмейді. Өйткені, тіс пасталарының көпшілігінде күкірт лаурилсульфаты (қысқартылған КЛС) бар – осы заттың арқасында, егер сіз шырынды тісіңізді тазалағаннан кейін бірден ішсеңіз, сізге шырын ащы болып көрінеді.
Бұл мәселені шешу үшін Tropicana химиктері шырын сияқты Tropicana деп аталатын КЛС жоқ тіс пастасын жасады. Паста шектеулі шығарылыммен 2021 жылдың 1 қарашасында, Американың Ұлттық тіс қылшағы күнінде шығарылды. Бүкіл партия сатылмады, бірақ Instagram қолданушылары арасында лотерея ойнатылды.
Компанияның мәліметінше, мұндай тіс пастасын жасау идеясы сауалнама жүргізгеннен кейін пайда болған, оның қорытындысы бойынша адамдардың 78%-ы таңертең тістерін тазаласа апельсин шырынының дәмін бұзылатынын растаған.
Дегенмен, тісіңізді тазаламас бұрын апельсин шырынын ішуге ешкім тыйым салмайды.
Дереккөз: http://crispy.news