Ең соңғы зерттеулер кофенің төмен қан қысымын қалыпта ұстап тұруға көмектесетінін, ал оны сүтпен қосып ішудің қабынуға қарсы әсері барын көрсетті.
Танымалдығы жағынан кофе – судан кейін бірден екінші орында тұрған сусын. Ғалымдардың оған деген қызығушылығының басылмайтыныны да таңданатындай емес. Кофенің денсаулыққа пайдалы көптеген қасиеттерін айқындайтын жұмыстар соңғы кезде көптеп шығып жатыр.
Әдетте кофені тұтынудың денсаулыққа кері әсері болуы мүмкін деген қорқыныш мазалауын қоймайды. Негізіген, бұл, әрине, кофенің құрамында кофеиннің болуымен байланысты. Дегенмен, бұл қорқыныштарды сейілтетін кез келген секілді. Кофеин – кофедегі жалғыз белсенді компонент емес. Италияда жүргізілген жақындағы зерттеулерге қарағанда, кофеин қан қысымын көтереді, бірақ сусынның құрамындағы өзге де биобелсенді заттар ол әсерді жояды екен. Нәтижесінде, ағзаға келтіретін жалпы әсері әбден зиянсыз болып шығады. Жұмыста күніне 2-3 шыны-аяқ кофе ішетін адамдардың қан қысымы, күніне 1 шыны-аяқ ішетін немесе мүлдем кофе ішпейтін адамдарға қарағанда, орта есеппен алғанда, төмен болатыны көрсетілді.
Ал даниялық ғалымдар кофенің сүтпен қосып ішкендегі пайдасын тексерген. Олардың зерттеулерінде антиоксиданттар мен ақуыздардың қосылысы иммун жасушаларының қабынуға қарсы қасиетін екі еселендіретініні анықталды. Себебі, кофе дәндерінің құрамында көп мөлшерде болатын полифенолдар сүттің ақуызымен қосылады. Кофе құйылған ыдысқа сүт қатқан кезде, бұл үрдіс өте жылдам жүреді. Сондай-ақ, адам ағзасы полифенолдың көп мөлшерін ақуыздың қатысуынсыз сіңіре алмайды. Ал сүт қосу осы үрдіске көмектесе отырып, кофедегі полифенолдың қабынуға қарсы әсерін күшейтеді.
Германияда жүргізілген жаңа зерттеулердің бірі кофе тұтыну COVID-19 вирусын жұқтырудан қорғай алатынын болжауда. Кофенің құрамында 5-кофеоилхин қышқылы секілді зат әжептәуір бар. Бұл қышқылдың вирус жұқтыру үрдісін баяулата алатын нағыз қасиеті бар. Бірақ, нақты өмір жағдайында оның пәрменділігі қаншалықты екендігі – үлкен мәселе.
Дереккөз: http://www.foodnavigator.com