• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Тұтыну деңгейіне тамақтың түрі қалай әсер етеді — мета-анализ

Британиялық ғалымдар тамақтың әр түрлі болуы тамақтануға және жеген мөлшерге әсер ете ме, жоқ па деген сауалды ортаға тастаған.

Сөйтіп соның жауабын табу үшін авторлар соңғы 40 жылда жасалған 7 мыңнан астам ғылыми жұмыстарға мета-анализ жасап шығады. Соның ішінде тамақ ішу құрамында түрлі сенсорлық сипаттамасы бар, сол тамақты ішу деңгейі қалай әсер ететіні туралы мәліметтерге баса мән береді.

Анализдің нәтижесінде азық-түліктердің әр түрлі болуы расында жеген тамақтың көлеміне әсер ететіні анықталған. Және түрлі зерттеулерде осындай қорытынды төмен не орта деңгейде нәтиже берген. Десек те, авторлар зерттеулердің біразында ағат пікірдің көп болғанын, ал әдіснамасы шектеулі екенін айтып отыр. Сол себепті ғалымдар тамақтану тәртібіне қатысты зерттеу жасағанда барынша жетілген әдістемелерге баса мән беру жөн екенін ескертеді.

 

Дереккөз: doi.org/10.1093/ajcn/nqaa352