Жаңа зерттеудің авторларының айтуынша, әйелдердің ішек қатерлі ісігінің даму қаупі қант қосылған сусындарды көп тұтынуымен байланысты.
Соңғы жылдары әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия, Аустралия және Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде ішек қатерлі ісігі ауруы көбейіп келеді. Бұл өсудің нақты себебі белгісіз, бірақ кейбір өткен зерттеулер тренд теңгерімсіз тамақтанумен, атап айтқанда майлы тағамдарды артық тұтынумен байланысты деп болжайды. Сол зерттеуде ғалымдар ішек қатерлі ісігінің қаупін тәтті сусындармен байланыстыруға болатындығын тексеруге шешім қабылдады, өйткені бұрын тәтті сусындарды тұтыну 2-типті қант диабеті сияқты басқа ауруларға себеп бола алатынан көрсетілген.
Зерттеу АҚШ-та жүргізілді, ал ол жерде тәтті сусындардың қатарына қант қосылған алкогольсіз сусындар, жеміс-жидектен жасалған шырындар, спорттық және энергетикалық сусындар кіреді. Тәтті сусындар американдықтардың тамақтану рационында қанттың негізгі көзі (39%) болып табылады.
Зерттеушілер 1989 жылы басталған мейірбикелердің денсаулығын топтық зерттеу деректерін пайдаланды. Оған тіркеуге тұрған кезде 25-42 жас аралығындағы 100000-нан астам әйел қатысады. Қатысушылардың тамақтану құрылымы туралы ақпарат әр 4 жыл сайын жиналады, оның ішінде қантты сусындарды тұтыну туралы мәліметтер де бар.
Талдау нәтижелері көрсеткендей, аптасына бір порциядан аз тәтті сусын ішетін қатысушылармен салыстырғанда, тәтті сусындарды көп тұтыну ішек қатерлі ісігі қаупін жоғарылатады. Күніне екі немесе одан да көп порция ішкендерде аурудың пайда болу қаупі 2 есе көбірек көрсетті. Алайда, авторлар тәттілендіргіштерді немесе жеміс шырындарын тұтыну қатерлі ісік қаупінің жоғарылауын көрсетпегенін атап өтті.
Зерттеу авторлары қанты көп сусындарды тұтынуды шектеу ішек қатерлі ісігінің жоғарылауымен күресудің тиімді стратегиясы болуы мүмкін деген қорытындыға келді.
Дереккөз: dx.doi.org/10.1136/