• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Жаһандық семіздік індеті: тәтті сусындардың рөлі

Nature Reviews Endocrinology журналы тәтті сусындардың «семіздік пен созылмалы аурудың жаһандық індетіндегі» рөлі туралы жаңа шолу жариялады.

Ғалымдар, тамақтану рационынындағы қанттың негізгі көзі тәтті сусындар екенін айтады. Қолжетімді дәлелдерге сүйенетін болсақ тәтті сусындарды тұрақты тұтыну (сирек тұтынумен салыстырғанда) салмақтың өсуі және екінші тип қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары мен кейбір қатерлі ісік аурулары пайда болуының қаупі жоғары, сондықтан, мұндай сусындардың қолданысы қосымша реттеуші шараларды қажет етеді. 

Кардиометаболикалық қауіп факторларын бағалайтын когорттық зерттеулер мен клиникалық сынақтардың деректері салмақтың өсуі мен кардиометаболикалық аурудағы тәтті сусындардың этиологиялық рөлін дәлелдейді. Көптеген халық топтарына мұндай сусындарды тұтыну жоғары деңгейде тән, ал табысы төмен және орташа елдерде тұтынудың артуы урбанизациямен және экономикалық өсумен байланысты. Авторлар тәтті сусындарды тұтынуды азайтып, көбірек қимыл-әрекет ету семіздік пен созылмалы аурудың жаһандық ауыртпалығын азайуына үлесі тиеді деп сенеді. 

Зерттеушілер тәтті сусындар дүние жүзінде тұтынылатынын, табысы жоғары көптеген елдерде тұтыну деңгейі тәуліктік нормадан асып түсетінін атап өтті. Мұндай сусындар диетаға қосымша сұйық калория қосу, глюкозаның тез сіңуінен туындаған гиперинсулинемия және мүмкін дофаминергиялық марапаттау жүйесін белсендіру арқылы салмақтың өсуіне ықпал етеді. Өз кезегінде, бұл жағымсыз гликемиялық әсерлерге және бауырдағы қант артық фруктозаның метаболизміне байланысты қауіп факторларының дамуы созылмалы аурудың ықтималдығын арттырады.

Сондай-ақ шолуда әлеуметтік нормаларды реттеу және жеке тұлғалардың тәтті сусындарды тұтынуын шектеу үшін біріктіріп қолдануға болатын әртүрлі реттеуші стратегиялардың бар екендігі туралы айтылады. Авторлар популяциялар арасындағы деректердің дәйектілігін және бүкіл әлем бойынша тұтынудың жоғары деңгейін ескере отырып, бұл сусындарды тұтынуды азайту жалпы диета сапасы мен кардиометаболикалық денсаулықты жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады деген қорытындыға келеді.

Дереккөз: http://doi.org/10.1038/s41574-021-00627-6