Оңтүстік Африкада қантқа салынатын салықтың жаңа түрі пайда болғалы тәтті алкогольсіз сусындардың сатылым көлемі күрт төмендеп кеткен. Бұған жақында жасалған жаңа зерттеудің нәтижесі дәлел болып отыр.
Салық бұл түрі 2016 жылы жалпақ жұртқа жарияланып, 2018 жылы енгізілген еді. Континент бойынша семіру деңгейі ең жоғарғы елдердің бірі – Оңтүстік Африка. Сондықтан салықты енгізудегі басты мақсат қант тұтынуын мейлінше азайтып, тұрғындардың денсаулығын нығайту болған. Сөйте тұра, салықтың дизайнын бірегей деуге болады. Өйткені ол сусындағы қант мөлшеріне байланысты. Яғни 100 мл сусында 4 грамм қанттан асқан жағдайда әр грамына салық салынады.
Ғалымдар бұл зерттеуде жүргізген кезде елдегі барлық тоғыз провинциясындағы 3000-нан астам үй шаруашылығының мәліметтерін пайдаланған. Нәтижесінде салық туралы әңгіме тараған сәттен бастап, салық салынатын сусын түрлерін тұтыну көлемі үштен бірге азайған. Салық жайлы құлақтандыру басталған кезде адамдар тәтті сусындардың біртіндеп азайтып, ал күшіне енген кезде әлгі тенденция тіпті күшейген. Ал енді салық салынбайтын сусын түрлерінің тұтыну мөлшері айтарлықтай өзгермеген.
Осылайша зерттеу авторлары Оңтүстік Африкада табысы төмен үй шаруашылығы иелері табысы жоғарыларға қарағанда салық енгізілгенге дейін орта есеппен көбіне тәтті сусындар алып келгенін айтып отыр. Ал салық күшіне енгеннен кейін тұтынуды біршама азайтқан.
Авторлар Оңтүстік Африканың тәжірибесі қантқа салық салу арқылы оның тұтынуын азайтудың тиімді тәсіл екенін көрсетті деп отыр.
Источник: doi.org/10.1016/S2542-5196(20)30304-1