• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Тамақ өнеркәсібіне арналған қант блокаторы

Швейцариялық Evolva биотехнологиялық компаниясы тамақ және сусындар өндірісінде қолдануға арналған табиғи қант блокаторының іске қосылғаны туралы хабарлады.

Денсаулық сақтау органдары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан тамақ өнімдері құрамындағы “зиянды” нутриенттердің төмендету қажеттілігі мәселесіне қатысты қысым күн сайын күшейіп жатқан кезде қант құрамын төмендету тамақ саласындағы көптеген компанияның негізгі мәселесіне айналды. Оның үстіне қоректік заттарға бағытталған кез келген реформуляция кезіндегідей, мейлі май, тұз немесе қант мөлшерін азайту болса да, өндірушілердің басты мәселелерінің бірі – бұл өнімнің дәмінің өзгеруі. Мұндай жағдайларда, мысалы, танымал сусын өзінің әдеттегі тәтті дәмін қалай сақтай алады және тұтынушылық базаны жоғалтпау жолы қандай?

Evolva компаниясы ұсынатын бұл сынаққа жауап – олардың жаңа өнімі, L-арабиноза – ол бір жағынан қантты бұғаттаушы, ал екінші жағынан қантты қалпына келтіруші болып табылады. L-арабиноза негізінен моносахарид, ол тәтті дәмге ие және оны қант қызылшасы сияқты табиғи өсімдік материалдарынан алуға болады. Қант блокаторы ретінде ол дененің сахарозаны қайта өңдеу қабілетін тежейтіндей жұмыс істейді. Компанияның айтуынша, зерттеулер көрсеткендей, L-арабиноза қандағы қанттың дұрыс деңгейін ұстап тұруға және салмағын бақылауға көмектеседі. Сонымен қатар, ол қайта қалпына келтіретін қант саналады, яғни көптеген маңызды дәмді хош иісті компоненттерді өндіруде қолданылатын реакцияларда қалпына келтіргіш ретінде жұмыс істей алады.

Компанияның мәліметінше, L-арабиноза түрлі тағам санаттарында, соның ішінде сусындар, шоколад және басқа да кондитерлік өнімдерде, сондай-ақ йогурт пен балмұздақта кеңінен қолдануға жарамды дәмдік профильге ие.

Дереккөз: www.foodnavigator.com