• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Спорттық сусындарды энергетикалық сусындармен шатастырмаңыз!

Спорттық тамақтану бойынша еуропалық мамандар қауымдастығының (ESSNA) басшысы Адам Кэри жақында спорттық сусындар мен энергетикалық сусындар жайлы ойын ортаға салды. Оның айтуынша, спортшылардың жаттығуға дейін және одан кейін ішетін сусындарына қатысты ел аузында тараған аңыз көп. Соның кесірінен көбі оны энергетикалық сусындармен шатастырады-мыс.    

Спорттық сусындарға жалпақ жұртқа арналмаған. Яғни олар физикалық жүктемеге дейін және кейін ішу үшін арнайы жасалады. Мәселен, жаттығу залында екі сағат қарқынды жаттыққаннан кейін адам ағзасында натрий жетіспеушілігі болады. Сол себепті спорттық сусындардың құрамында натрий және өзге де электролиттер болады. Олар тер бөлінген кезде ағзадан шығып кетеді. Сонымен бірге спорттық сусындарда көмірсулар көп болады. Оның себебі мынада: олар физикалық белсенділік кезінде кеткен энергияның орнын толтырады. 

“Спорттық сусындар энергия көзі болғандықтан, көпшілігі оны энергетиктермен шатастырады” дейді Кэри. Ал негізі екеуінің арасында айырмашылық мол. Спорттық сусындар жиі физикалық белсенділік жасаған кезде ғана энергия береді. Ал энергетикалық сусындар болса, оны ішкен адамның бәріне өмір сүру салтына қарамастан энергия бере береді. Оны әдетте ұйықтап кетпеу үшін немесе қатты шаршаған кезде ішеді.  

Спорттық сусындарды жарнамалаған кезде олардың мақсатты аудиториясы – ересектерге сусынның қандай жағдайда пайдалы болатынын түсіндіру маңызды. Егер спорттық сусынның дәмі тіл үйіретін болса, оның күнделікті спортпен шұғылдануға не салауатты өмір салтын ұстануға стимул болуы әбден мүмкін. Кэридің айтуынша, физикалық тұрғыдан көп жүктемесі бар адамдарға бұл құрамында қанты мен кофеині көп энергетиктердің орнын басатын жап-жақсы балама бола алады. 

Кэри спорттық сусын өндірушілері өз тауарларын өтім жарнамалап, қашан және қалай ішу керегін жақсылап түсіндіріп, аталған саланың беделін нығайту үшін ел арасында тараған жалған ақпараттармен күрес жүргізуі керек деген пікірде. 

Источник: crispy.news