Итальяндық сауда автоматтарын өндіруші Rhea компаниясы қытайлық Neolix жеткізуші роботтар әзірлеушісімен серіктестікте жүргізушісіз кофе жеткізетін вендинг автомат ұсынды.
Дербес тапсырыс бойынша кофе және сауда автоматтарын өндіруші Rhea Vendors Group италияндық компаниясы Neolix жеткізуші роботтар саласындағы қытайлық фирмамен бірлесе отырып, өзінің Barista On-Demand көлігін таныстырды. Жаңа шешім Шанхайдағы Қытайдың халықаралық импорт көрмесінде ұсынылды. Қытайдағы кофе нарығы тез кеңейіп келе жатқандықтан өнім сауда автоматы мен жүргізушісіз жүргізу технологиясын біріктіреді. Rhea және Neolix мәліметтері бойынша, Қытайдағы кофе нарығының әлеуеті зор, өйткені кофе тұтыну жылына 30%-дан аса өсуде.
Компания бұл көлік «әдеттегі дүкенге барып кофе сатып алуды дүкеннен тұтынушыға кофе жеткізуге айналдырады» дейді. Автокөлікте Rhea BL Doppio & Cup кофе машинасымен жабдықталған және пайдаланушыларға кофені жеткізіп беруге тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Мобильді қосымшаны бір рет басу арқылы сіз өзіңіз қалаған сусынды өздігінен басқарылатын кофе автокөлігінің көмегімен ала аласыз. Rhea және Neolix компаниялары «автоматтандырылған және тұрақты болашақтың көрінісін қамтамасыз еткісі келеді». Көлік құралы жаңартылатын энергия көздерінен жұмыс істейді.
1960 жылы негізі қаланған Rhea Vendors Group – дербес тапсырыс бойынша әлемдегі ең ірі сауда автоматтарын өндірушілердің бірі. Штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан Neolix компаниясы өзін «роботтандырылған жеткізуге маманданған әлемдегі жетекші автономды көлік құралдарының өндірушісі»деп атайды.
Дереккөз: http://kiosksoft.ru