Энергетикалық сусындар 25 жыл бұрын жасалған. Олар 165-тен астам елде, соның ішінде Еуропалық Одақтың барлық елдерінде тұтынылады, өйткені бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау органдары энергетикалық сусындардағы ингредиенттерді тұтынудың ешқандай қауіпі жоқ деген қорытындыға келген.
Энергетикалық сусындардың құрамдас бөліктері – кофеин, таурин және дәрумендер. Энергетикалық сусындардағы кофеин құрамы бір шыны-аяқ кофенікімен бірдей мөлшерде болады. 2009 жылы Еуропалық тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі агенттіг (EFSA) энергетикалық сусындардың ингредиенттері туралы ғылыми пікірін жариялады және онда алаңдауға еш негіз жоқ деген қорытындыға келген. Жақында, 2015 жылғы 27 мамырда EFSA барлық диеталық тағам көздерінен, соның ішінде энергетикалық сусындардан кофеин қабылдаудың қауіпсіз деңгейін қосымша анықтады (кофеиннің қауіпсіздігі туралы ғылыми пікір).
Энергетикалық сусындар тұрақты тағамдық өнім ретінде жіктеледі және соған сәйкес сатылады.
Толығырақ: