• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Реформуляция зардаптары

Әлем бойынша тұтынушылар пайдалы әрі сапалы асты көбірек таңдай бастады. Сондықтан тамақ және сусын өндіретін брендтер уақыт сұранысына сай өнімдерінің дайындау әдісін жаңартуда. Алайда мұндай реформалаудың өз қиындықтары бар.

2021 жылы ақпанда Ұлыбритания үкіметі  май, қант және тұзды азайту мақсатында тамақ және сусын өнімдерін реформалау туралы баяндама жариялады. Баяндамада аталмыш нутриенттерді азайту қажеттілігі сөзсіз болғанымен, бұл салада мәселе тудыру мүмкіндігі бар екенін айтылады. Себебі бұл нутриенттер рецептурада маңызды рөл атқарады.

Шынында, өнімді реформуляцияламас бұрын өндіруші өнімнің сапасын, өзінің техникалық мүмкіндіктерін және тұтынушылардың қалауын ескеру керек. Рецептураны өзгерту процесі уақыт қажет етеді және бір әдіспен істелмейді.

 

Реформуляция себептері түрлі болады: заң талаптары (мысалы – алкогольсыз сусындарға қант салығын енгізу), сатылымның төмендеуі (инновациялар және өнімнің қосымша жағымды қасиеттерінің пайда болуы жаңа аудиторияны тартуы мүмкін), COVID-19 пандемиясы салдарынан тұтынушылардың әдеттерінің өзгеруі (мысалы, әлдеқайда көбірек кісі өз иммунитетіне көңіл бөле бастады және өздері тұтынатын тағам мен сусындардан да соны күтеді) және тұрақты даму стратегиялары.

Дегенмен, реформуляция тарихы бай әрі аты әйгілі брендтерге ең қиын тапсырма болуы мүмкін. Көбіне мұндай өнімдер тамақтану туралы ғылым аса дамымаған кезде жасалған. Бұл кезде тамақты тұтыну шаблондары да басқа болды – ас пен сусын қазіргідей қолжетімді әрі жеткілікті болмаған. Ал ғылым дамуымен бірге ескі рецептуралар да эволюцияға ұшырау керек.  Оған қоса тұтынушылардың сұранысы да жоғарғы – жаңартылған өнім нутриенттік қасиеттерімен ғана басым емес, сонымен қатар тағам бұрынғыдай дәмді немесе тіпті дәмдірек болу керек.

Дереккөз www.foodnavigator.com