Алкогольсіз энергетикалық сусындарды саналы түрде тұтынса, ағзаға ешқандай зиянды әсері болмайды. Күніне бір-екі құты алкогольсіз сергіткіш сусын ішіп тұрса одан денсаулыққа ешқандай да қауіп төнбейді.
Олардың құрамындағы барлық ингредиенттер – басқа да тамақ өнімдер мен сусындарда кездеседі.
- В.В. Бессонов. Тағамдағы кофеин. Хабарлама I. Тамақты қабылдау және реттеу. «Тамақтану журналы», 84-том, № 4, 2015, 119-125-беттер;
- Алкогольсіз сергіткіш сусындар: аңыздар мен ақиқат. Т.В. Потупчик, О.Ф. Веселова, Л.С. Эверт, М.В. Макарова. Спорттық медицина журналы, №3 (20) 2015, 50-55 беттер.
Энергияның – ағза ұлпаларында қант пен май қышқылдарының тотығуы нәтижесінде пайда болатыны белгілі.
АСС құрамындағы кофеин белгілі бір дәрежеде осы процестерді ынталандырады. Кофеиннің әрекет ету мерзімі аяқталған соң (ол 2-3 сағат ішінде) кәдімгі шай немесе кофе ішкен кездегідей ағзаны бастапқы күйіне келтіреді.
«Энергетиктерді» қолдану нәтижесінде ағза «бойдағы қуатты сарқытады» және бұл қауіпті деген ақпарат – шындыққа жанаспайды. Ақиқатында, оның қуатты шығындауы жүгіру немесе теннис ойнағандағы жұмсаған энергииядан аспайды.
- В.В. Бессонов. Тағамтанудағы кофеиннің рөлі. I Хабарлама. Тағамды қабылдау және оны реттеу. “Вопросы Питания” журналы, 84 Том, №4, 2015, бет.119 – 125;
- Алкоголсіз сергіткіш сусындар: аңыздар мен ақиқат. Т.В. Потупчик, О.Ф. Веселова, Л.С. Эверт, М.В. Макарова. “Спортивная медицина” журналы, №3 (20) 2015, бет. 50-55.
Глюкуронолактон глюкозадан алынады, ол да адам ағзасының табиғи компоненті. Оны қызыл шарап, жүгері сияқты тағамдардан кездестіруге болады. Глюкуронолактон да таурин сияқты, жеделдетілген зат алмасу процестерінің нәтижесінде өнімдердің организмнен шығарылуына ықпал жасайды.
В.В. Бессонов. Тағамдағы кофеин. Хабарлама I. Тамақты қабылдау және реттеу. “Вопросы Питания” журналы, 84-том, № 4, 2015, 119-125 бет.
Таурин денсаулыққа еш зиян емес. Қайта – пайдалы. Таурин – ағзаның өмірлік маңызды бөлігі болып табылатын таптырмайтын амин қышқылы. Адам ағзасында 100 г-ға дейін таурин болады. Таурин – теңіз ирекшелері, устрица, теңіз шаяны, мидия, ақ құс сияқты тағамдық өнімдердің құрамында болады. Сондай-ақ, таурин нәрестелерге арналған қоспаның маңызды құрамдас бөлігі. Таурин жедел метаболизмнің жұмысын жақсартып, ағзаны тазартуға көмектеседі, сонымен қатар адам ағзасындағы бірқатар биологиялық маңызды процестеріне қатысады. Және де, ол бұлшық еттерде, қаңқада және адамның ми бөліктерінде кездеседі, сондықтан тауриннің қауіпсіздігі туралы толықтай тұжырым жасауға болады.
- В.В. Бессонов. Тағамдағы кофеин. Хабарлама I. Тамақты қабылдау және реттеу. «Тамақтану журналы», 84-том, № 4, 2015, 119-125-беттер;
- Алкогольсіз сергіткіш сусындар: аңыздар мен ақиқат. Т.В. Потупчик, О.Ф. Веселова, Л.С. Эверт, М.В. Макарова. “Спортивная медицина” журналы, №3 (20) 2015, 50-55 беттер.
Энергетикалық сусындардың барлық ингредиенттері адам ағзасына физиологиялық әсер етуде бірін-бірі толықтырады. Олардың мұқият таңдалған үйлесімі мен мөлшері негізгі тапсырманы тиімді орындауға ықпал етеді – физикалық және эмоционалдық жүктемелердің жоғарылауы кезінде ағзаны тиімді және қауіпсіз түрде «энергетикалық сергіткіш қуатымен» қамтамасыз етеді.
Тамақ құрамындағы биологиялық белсенді компоненттердің мөлшері мемлекет тарапынан қатаң түрде реттеледі. Бұндай жүздеген заттарға арналған нормалар бар, және бұл тізімде энергетиктердің барлық «белсенді» құрамдас бөліктері – кофеин, таурин, витаминдер және т.б да қалыс қалмайды. Олардың қызмет көрсету мөлшері (құты немесе шөлмектегі) белгіленген күнделікті нормалардан ешқашан аспайды. Аталмыш компоненттердің құрамына келер болсақ, олар күнделікті өмірде басқа да тамақ өнімдерін пайдаланғанда, қарапайым түрде біріктіріледі. Мысалы, балық етін шай немесе кофемен араластырып жесек, содан да кофеин мен тауриннің біріктірілген бірдей үйлесімін аламыз. Денсаулық сақтау саласындағы жетекші органдар (Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі, EFSA – Еуропалық тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі басқармасы, 2009 ж.) және т.б бұл комбинацияны қауіпті деп күдіктенуге ешқандай себеп жоқ екенін және олар әлбетте алаңдаушылық тудырмайтынын кесіп айтады. Қорытатын болсақ, тамақ құрамындағы кофеин мен тауриннің үйлестірілуі қауіпсіз және ешқандай жанама әсерлер тудырмайды. Бұл, екі компонент те физикалық және психикалық нәтижелерді жақсартуға, сондай-ақ ағзаны қалпты деңгейде ұстауға жақсы жағынан ықпал етеді.
В.В. Бессонов. Тағамдағы кофеин. Хабарлама I. Тамақты қабылдау және реттеу. “Вопросы Питания” журналы, 84-том, № 4, 2015, 119-125 бет.
Алкогольсіз сергіткіш сусындар шаршауға, күйзеліске түсуге және тітіркенуге себепкер болады деген тұжырымдар ешқандай ғылыми негізге жанаспайды, ол әлдеқандай зерттеулерде де анықталмаған, бұл нағыз популистік пікір болып табылады. Жалпы кофеиннің қауіпсіз тұтыну мөлшері ересек адам үшін тәулігіне 400 мг. Бір құты алкогольсіз энергетикалық сусындардың құрамындағы кофеин мөлшері шамамен бір стакан қайнатылған кофенің (80-100 мг) құрамына тең. Медициналық статистика мен бүгінгі күнге дейін жинақталған ғылыми мәліметтер бойынша тым нашар салдары немесе басқа да жағымсыз әсерлері сипатталған жоқ. Бұл жалпақ тілмен айтқанда көбінесе қарабайыр көзқарастарды білдіреді. Бір таңқаларлығы адам ағзасына кофеин сіңірудің негізгі көзі болып табылатын шай мен кофеге қатысты бұндай үрейлі ақпарлар жоқтың қасы.
- В.В. Бессонов. Тағамдағы кофеин. Хабарлама I. Тамақты қабылдау және реттеу. “Вопросы Питания” журналы, 84-том, № 4, 2015, 119-125-беттер;
- М.В. Богомолов, Ю.С. Иванов Ресей Федерациясының тұрғындары арасында алкогольсіз кофеині бар тағамдарды пайдалану және нашақорлық пен психикалық аурулар туралы статистика “Наркология” журналы, № 7, 2015, 84-86 бет.
- М.В. Богомолов, Ю.С. Иванов, М.Е. Гришин, ЕО және АҚШ-тың азық-түлік сапасы мен қауіпсіздігі жүйесі – кофеинделген өнімдерді тұтынудың зияны туралы ешқандай дәлел жоқ. Наркология. 4, 2016, 81-86 бет
Энергетикалық сусындардың барлық ингредиенттері өнімнің қаптамасында көрсетілген, қауіпсіз болу үшін бірнеше рет сыналған да, денсаулыққа еш зиянсыз әрі қорек ретінде тұтынуға рұқсат етілген.
«Химофобия» белгілері бар, яғни «химия», консерванттары, және басқа да ингредиенттер туралы қауіптендіретін пікірлер айтатын, «Тамақтан абайлаңыз» атты телебағдарламасын көруді тоқтату керек, сонымен қатар шаласауатты мамандарға да құлақ түрудің қажеті шамалы, және ескірген қарабайыр оқулықтан алынған білімдерге де жүгінуді доғарған жөн.
Энергетикалық сусындар Ресей нарығында 15 жылдан бері келе жатыр. Сонымен қатар, энергетикалық сусындарды орташа тұтыну жан басына шаққанда жылына 1,5 литрден аспайды, бұл кофеинді сусындардан (шай, кофе, шоколад) және басқа да алкогольсіз және алкогольді сусындардан қарағанда ондаған тіпті жүздеген есе аз. Статистикалық деректерге қарасақ, күніне 300-400 мг кофеин ішеді. Ал кофейіннің 95% -ы шай мен кофеден беріледі. АСЭС-дар бар болғаны – 1,5% артық емес, енді ойанып көріңіз.
- БҚПЗО зерттеуі бойынша «Ресей Федерациясы халқының құрамында кофеин бар өнімдердің тұтыну құрылымы (көздері мен деңгейлері)» 2013 ж .;
- А.Я.-бап. Калинин «Кофеин – дос па, әлде қас па?» Сауаттылық Техникалық реттеу », № 9-10, 2014, 43-51 беттер
- Богомолов М.В., Иванов Ю.С. Алкогольсіз кофеині бар тамақ өнімдерін пайдалану қауымдастығын талдау және Ресей Федерациясының тұрғындары арасында наркологиялық және психикалық аурулар туралы статистика. Наркология журналы, № 7, 2015, 84-86 бет
Орташа есеппен алғанда, бір құты АСЭС-дың құрамында 80-120 мг кофеин болады. Ғылыми дәлелдерде 1 кг сәбидің күніне, тұрақты түрде 3 мг-ға дейін кофеин тұтынуы қауіпсіз деген тұжырым жасалған. 12-14 жастағы баланың салмағы шамамен 40-50 кг болуы мүмкін. Бұл 120-150 мг-ға дейін кофеинді еш алаңдамай тұтынуына болатындығын байқатады. Алкогольсіз энергетиктердің бір шөлмегінде 80-120 мг кофеин болады, сондықтан бұл сусынды балалардың пайдалануына еш қауіп жоқ деп санауға болады.
ЕО статистикасы бойынша балалар мен жасөспірімдер кофеинді шай, шоколад және АСЭС-дан қабылдайды. Ал нәрестелер анасы шай немесе кофе ішкенде не болмаса шоколад жегенде солардың құрамынан кофеинді сүтпен бірге сіңіреді.
- Наркология 8, 2015. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық ұйымның (EFSA) кофеинінің қауіпсіздігі туралы дәлелді пікір, №1, 45-58 беттер. Редакциялық мақала.
- Наркология 9, 2015. Еуропалық тамақ өнімдері ұйымының кофеин қауіпсіздігі туралы дәлелді пікірі (EFSA) № 2, 51-61 бет. Редакциялық мақала.
Жалпыға ортақ көзқарас тұрғысынан, АСЭС-да “есірткіге ұқсас тәуелділік бар” деп күдіктенуге негіз жоқ. Бірақ соған қарамастан, 2015 жылы Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі, Мемлекеттік Думаның талабы бойынша, осы және басқа да алаңдаушылық тудыратын мәселелерді тексеру үшін Сербия институтында зерттеу жүргізе бастады. Дегенмен, алатған жайттар бойынша ешқандай тәуелділік белгелері анықталған жоқ. Осыдан кейін “АСЭС пайдалану ешқандай қауіп тудырмайды, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге де” деп танылған. Зерттеу туралы есеп ресми дереккөздерде жарияланады. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі АСЭС туралы, оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы үшін ешқандай алаңдаушылық тудыратын себептердің жоқтығын айқындап, ресми қорытынды шығарды. Денсаулық сақтау министрлігінің қорытындысы да ресми дереккөздерде жарияланды.
- Т.В. Проскурякова; В.А. Шохонова, П.К. Анохин, И.Ю. Шамакин «Алкогольсіз кофеинқұрамды сергіткіш сусындар: тәжірибелік зерттеу» Наркология журналы, 9, 2015 ж., 51-61 бет;
- «Алкогольсіз сергіткіш сусындарының адам ағзасына әсері туралы», Наркология 4, 2016. 23-26 бет. Редакциялық мақала.
Алкогольсіз энергетикалық сусындарға әлемдегі ешқандай елде тыйым салынбаған және дүние жүзінің 170-тен астам елінде қандайда белгілі бір заңға негізделген (мысалы, тек дәріханалар арқылы сатылады деген секілді) шектеулер жоқ. “Оларға тыйым салынған” немесе “шектеулер қойылған” дегендей ақпараттар жалған. Бұл туралы сенімді ақпаратты төменде көрсетілген веб-сайттардан табуға болады:
– Еуропалық АСЭС өндірушілер қауымдастығының веб-сайтында http://www.energydrinkseurope.org/,
– EFSA Еуропалық тамақ өнімдері агенттігінің веб-сайтында http://www.efsa.europa.eu/,
– АҚШ-тың FDA Азық-түлік және дәрі-дәрмек қауіпсіздігі федералды агенттігінің сайтында http://www.fda.gov/ және т.б.
- «Кофеиннің қауіпсіздігі туралы ғылыми негізделген пікір. Тамақ өнімдері, тамақтану және аллергия бойынша Еуропалық Азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының комиссиясының қорытындысы.» Наркология «журналы, № 8, 45 – 58, № 9 2015 б. 51-61;
- В.В. Бессонов. Сарапшылардың түсініктемелері, . «Денсаулық» журналы, шілде – тамыз 2015, 48-бет;
- В.В. Бессонов. Тағамдардағы кофеин. Хабарлама I. Тамақты қабылдау және реттеу. “Вопросы Питания”журналы, 84-том, № 4, 2015, 119-125 бет.
Ресей Федерациясының медициналық және наркологиялық статистикасын талдауда нашақорлық және психотроптық заттарды қолдануға байланысты үлкен проблемалар анықталған, олардың айналымына тыйым салынған да, және шектеген. Ал кофеин аталмыш тізімде жоқ. Кофеин тәуелділікке ұрындыруға немесе улану себептеріне жауап бермейді. Есірткіге байланысты науқастардың статистикасында алкогольсіз кофейіні бар сусындар, соның ішінде АСЭС, шай, кофе, какао қолданумен байланысты ешқандай белгілер жоқ. бірде бір нақты құжат та толтырылмған. Кофеин психоактивті заттарды қолданудың қауіпті факторлары болып табылмайды. Осыған ұқсас тұжырымдар ЕО пен АҚШ-та тамақтан улану статистикасын талдау нәтижесінде де белгілі болған. Осылайша, АСЭС-дан улану туралы дүрбелең ақпарат, негізінен, кейбір жеке мүдделердің әлеуметтік медианы өзіне қарату үшін және әуесқойлардың әлеуметтік желілердегі парақшаларына назар аударту үшін тарататын негізсіз қауесеттерінен басқа ештеңе емес деп кесіп айтуға болады.
- М.В. Богомолов, Ю.С. Иванов Ресей Федерациясының тұрғындары арасында алкогольсіз кофеині бар тағамдарды пайдалану және есірткі және психикалық аурулар туралы статистика. Наркология журналы, № 7, 2015 ж., 84-86 бет;
- ЕО мен АҚШ-тағы тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі жүйесі – кофеиннен жасалған өнімдерді тұтынудың зияны туралы ешқандай фактілер жоқ. М.В. Богомолов және т., Наркология, 7, 2016 ж., 81-86 бет.
АСЭС-дың мінез-құлыққа әсері шай немесе кофенің әсерінен еш айырмашылығы жоқ. Шай мен кофенің жасөспірімдердің мінез-құлқына әсер ету патологиясы ғылымға беймәлім. Бірақ, кәсіпқойларға түсінікті. Алайда, Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі АСЭС-ға қатысты жолдамасында, сондай-ақ, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің бас наркологы мінез-құлық патологиясы немесе мінез-құлық бұзылыстары АСЭС-мен және кофеинмен ешқандай байланыспайтынын ерекше атап өткен.
- «Алкогольсіз сергіткіш сусындардың адам ағзасына әсері туралы», Наркология 4, 2016. с. 23-26. Редакциялық мақала;
- Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау Министрлігі наркологиясының бас маманы, Ресей Федерациясы, Федерация Кеңесінің Есірткі профилактикасы мәселелері жөніндегі кеңесші төрағасының орынбасары Е. А. Брюнның 18.10.2016 ж.
Шайдың жапырақтарынан немесе кофе дәндерінен (табиғи) немесе биосинтезден (синтетикалық) оқшауланған кофеиннің арасында ешқандай айырмашылық болмайды. Олар барлық жағынан бірдей. Ингредиенттерді жеткізушілер, сондай-ақ олардың тұтынушылары, алкогольсіз энергетикалық сусындарды өндірушілер, әдетте, кофеиннің неден өндірілетініне аса мән бермейді. Әлемдек кофеин нарығы шамамен 50/50 кофеиннің екі түрінен тұрады. Ол екеуінде заңнамалық тұрғыда да ешқандай айырмашылық жоқ. Бір кофеин екіншісінен қарағанда жақсы деп айту, немесе екеуін салыстырмалы түрде бағалау сауатсыздық немесе популистік пікір болмақ. Мысалы, кейбір адамдар қанттың неден шығатынына көп бас қатырмайды. Айталық, қанттың бір түрі қызылшадан шығарылады, ал екіншісі құрақтан өндіріледі. Ресей Федерациясының алқаптарында өсірілген қызылшадан, тропикте өскен құрақ қантының айырмашылығы бола ма? Жоқ. Сол сиияқты кофеиннің түрлерінде де еш айырмашылық болмайды.
Жалпы бір нәрсеге аңсарың ауып, тәуелділіктің пайда болуы – дұрыс емес деп айта салу оңай. Бірақ, адам шәй мен кофеге де құмартады емес пе? Осы бір жайттарды оймен саралап көрген жөн сияқты.
Оның үстіне, Денсаулық сақтау министрлігі бастаған және ФМИЦ психартиясы мен В.П. Сербтер атындағы норкологтарының эксперименталды зерттеуне сүйенсек АСЭС-ды өсіп келе жатқан ағзаның үнемі, тіпті өте көп мөлшерде болса да тұтынуы, АСЭС-ға деген ешқандай құмартуды тудырмайтынын және алкогольге қызығушылықты арттырмайтынын дәлелдеп көрсетті.
АСЭС-дың қауіптілігі шайдан артық емес екені расталған.
- Т.В. Проскурякова; В.А. Шохонова, П.К. Анохин, И.Ю. Шамакин «Алкогольсіз кофеині бар сергіткіш сусындар: тәжірибелік зерттеу» Наркология журналы, 9, 2015 ж., 18-30 бет;
- Ресей Федерациясы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 7215p-P11 Амур облысының Заң шығарушы жиналысымен енгізілген «Алкогольсіз сергіткіш сусындарды сатуды және тұтынуды (ішуді) шектеу туралы» № 1040540-6 федералдық заң жобасына ресми жауабы;
- 18.08.2016 жылғы №1831 СПБН-ге хат, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігі наркологінің бас маманы, Ресей Федерациясы Кеңесінің нашақорлықтың алдын алу мәселелері жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Е.А. Бруна;
- Алкогольсіз сергіткіш (энергетикалық) сусындардың адам ағзасына әсері. В.П.Сербский атындағы ФСБИ-нің Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау Министрлігінің «Алкогольсіз, сергіткіш (энергетикалық) сусындарды ұзақ уақыт тұтынудағы жануарлардың мінез-құлқына әсері: “ішудің терістігі ықтимал салдарын зерттеуі” туралы есебі. Наркология журналы, № 4 2016. 23-26 беттер.
АСЭС-дың, тіпті теориясының өзінде, ағзаларға зиян келтіретін компоненттер немесе комбинациялар жоқ.
Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің эксперименттік зерттеуі бұл мәселені зерттеді. Зардап шеккендер болмады.
Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау Министрлігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы Мәскеу сауда-өнеркәсіп палатасының В.П.Сербский атындағы ФСБИ-дің «АСЭС-дың адам ағзасына әсері және осындай сусындарды тұтыну кезінде тәуелділік пен мінез-құлық өзгерістернің дамытуы туралы» зерттеу нәтижелері туралы сұрауына жауап хат.
- Кофеин Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігімен бекітіліп, тағамдық өнімдер құрамына енгізілген, жалпы, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп оқушылары, жүкті және бала емізетін әйелдер кофейінді – шай, кофе, какао, шоколад секілді өнімдер арқылы да қабылдайды.
- Кофеиннің тұтынылатын негізгі көздері – шай, кофе, шоколад және дәрі-дәрмектер болып табылады. Ал АСЭС-дың құрамындағы кофеин бұлардан кейінгі орында. Адамдар кофеинді көбінесе шайдан алады екен (ересектер – 95%, 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 98%), ал энергетикалық сусындардан 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 23%, ересектер 20% үлесін алатын көрінеді, бұл салыстырмалы түрде кофейін қабылдаудың ең аз үлесі. БҚПЗО мәліметтері бойынша да: кофейіннің ең көп үлесі шайдан беріледі екен – (ересектер – 95% , 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 98%), кофейінді тұтынушылардың ең аз үлесін (ересектер де, жасөспірімдер де) – энергетикалық сусындардан алады, (12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 23% , ересектер – 20% ).
- Орташа тұтыну мәндеріне негізделген есептеулер көрсеткендей, қабылданатын кофеин үлесі – есектердегі 64,7% сондай-ақ, жасөспірімдердегі 80,4%-ы шай арқылы енеді. Жалпы кофеин тұтынудың тәуліктік дозасы – ересек адамдарға – 33,7%, ал жасөспірімдерге – 12,1% пайдалануға болды.
- БҚПЗО. Кофеині бар өнімдердің РФ тұрғындарының тұтыну құрылымы (көздері мен деңгейлері). Ұлттық тұтынушылар құқығын қорғау қорының тапсырысы бойынша. 2013 жыл
- SANPIN 2.4.5.2409-08 СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАЛПЫ ОҚУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА, БАСТАПҚЫ ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛАРЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҰСТАНУЫ ҮШІН САНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ЭПИДЕМОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР;
- МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ БАЛАЛАР ТАҒАМДАРЫ. ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР. БАЛАБАҚШАЛАРДАҒЫ ТАМАҚТАНУ НОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН САНАТОРИЯЛАРДАҒЫ ТАМАҚТАНУ НОРМАЛАРЫ;
- 1991 жылғы 28 мамырдағы SanPiN № 5786-91, бала туу жасындағы әйелдер мен жүкті әйелдердің негізгі қоректік заттары мен энергиясына ұсынылатын физиологиялық талаптар.
Шай мен кофені қай жастан бастап ішсе, бұны да сол уақыттан бастап іше береді. БҚПЗО-ның (2013 ж.) мәліметтері бойынша, жасөспірімдер күніне 200-300 мг кофеин тұтынады.
Ересектер тұтынатын кофеиннің 64,7% сондай-ақ жасөспірімдер пайдаланатын 80,4%-ы шайдан беріледі. Ал кофеин қабылдаудың тәуліктік дозасы ересек адамдарға 33,7%, ал жасөспірімдерге – 12,1% болды.
БҚПЗО. Кофеині бар өнімдердің РФ тұрғындарының тұтыну құрылымы (көздері мен деңгейлері). Ұлттық тұтынушылар құқығын қорғау қорының тапсырысы бойынша. 2013 жыл
Кофеин, тіпті DMS-5 ескертулерінде де тәуелділік немесе құмартып қалу критерилеріне келмейді. Әрине, шыдамдылық пен бастарту синдромдары пайда болуы мүмкін. Бірақ олар бәрібір көбінесе тамақ өнімдерін тұтынған кезде бірге жүреді. Әсіресе дәмді тағамдарда, мысалға айтатын болсақ – қант, көптеген адамдар, оны қанша шамадан тыс тұтынса да одан бас тарта алмайды.
Тыйым салынған және реттелетін есірткі, психотроптық заттар тізімінде, кофеин жоқ.
- М.В. Богомолов, Ю.С. Иванов, «Кофеині бар қауіпсіз тағамдарды қолдануды талдау және Ресей Федерациясының тұрғындары арасындағы наркологиялық және психикалық аурулар туралы статистика. Наркология журналы» № 7 2015 ж., 84-86 бет;
- Т.В. Проскурякова, М.Е. Гришин «Кофеин және психикалық денсаулық». Психикалық денсаулық журналы, № 10 2016, 76 -82 бет
- Бұл Ресей Федерациясының Конституциясына және «Бәсекелестікті қорғау туралы» және «Сауда туралы» заңдарға қайшы келеді;
- АСЭС айналымының шектелуі саудаға теріс әсер етеді;
- АСЭС қасиеттеріне байланысты тұтынушылар қате пікірерге бой алдырады;
- Алкогольсіз сусындар өндірісінің беделіне нұқсан келтіреді;
- Өңірдің инвестициялық климатына жағымсыз әсер етеді және бизнесті болжауға кедергі болады.
- ФМҚҚ-тің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі пікірі Сілтеме: http://politikus.ru/v-rossii/62520-fas-hochet-vernut-energetiki-v-magaziny.html
- Сарапшы дөңгелек үстелінің қорытынды шешіміМәскеу СӨП-де, 2015 жылғы 6 қазанда
Ресей Федерациясының әртүрлі аймақтарында АСЭС-ке қойылған шектеулер заңнамалық база мен тәжірибенің біртұтастығын бұзып, кемсітушілік сипат алған және оған ешқандай ғылыми негізі жоқ.
- ФМҚҚ пікірі. РБК, 10.11.2015 ж. Сілтеме: http://www.rbc.ru/rbcfreenews/564184d89a7947705354fc9e
- Мемлекеттік Думада Амур облысының заң шығарушы ассамблеясының «Алкогольсіз сергіткіш сусындарды тұтынғаны үшін, кәмелетке толмағандарды осындай сусындарды тұтынуға тарту, сондай-ақ алкогольсіз сергіткіш сусындарды сату ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу туралы» заң жобасын қарау http://asozd2.duma.gov. com/main.nsf/%28SpravkaNew%29?OpenAgent&RN=1034765-6&02
Ресей Федерациясының Наркологиялық қызметі пациенттерді, оның ішінде кәмелетке толмағандарды, нашақорлық синдромы немесе кофеинді және кофеині бар тамақ өнімдерін, алкогольсіз сергіткіш сусындарды қабылдаумен байланысты басқа да наркологиялық жағдайларды емдеу шаралары туралы мәлімдемейді.
«Ресей Федерациясындағы нашақорлықты емдеу қызметінің негізгі көрсеткіштері» жыл сайынғы статистикалық жинақ.
Бұл ескерту белгілері алғаш рет 2005 жылы заң талабы ретінде пайда болды. Сол жылдары АСЭС нарықта жаңа құбылыс болды және ақылға қонымды сақтық қағидаты белгілі бір дәрежеде осы ескертулерді заңнамалық негізде енгізді.
Содан бері ЕО-дағы денсаулық сақтау саласындағы жетекші ұйымдардың (EFSA), Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің және басқалардың пікірлері пайда болды, бұл АСЭС-ды «осал» топтарда қолдану туралы алаңдауға негіз жоқ екендігін көрсетті.
Алайда заң ескерту белгілерін талап етеді және бұл талаптың күшін жоюға біраз уақыт кетуі мүмкін. Заңнаманың әрқашан белгілі бір дәрежеде ғылымнан артта қалуы түсінікті және жалпыға ортақ құбылыс.
Бұл талаптың сәйкес еместігін көрсету үшін шай мен кофеге ұқсас талаптың жоқтығын айтуға болады, мұнда кофеин концентрациясы АСЭС концентрациясынан бірнеше есе асады. Бұл АСЭС -дан бірнеше ондаған жыл бұрын пайда болған және заң шығарушыны алаңдатпайтын дәстүрлі ресейлік сергіткіш сусындарға, Байкалға, Саянға және т.б. қатысты.
- Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау Министрлігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы Мәскеу сауда-өнеркәсіп палатасының В.П.Сербский атындағы ФСБИ-дің «АСЭС -дың адам ағзасына әсері және осындай сусындарды тұтыну кезінде тәуелділік пен мінез-құлық өзгерістерінің дамуы туралы» зерттеу нәтижелері туралы сұрауына жауап хат;18.08.2016 жылғы №1831 СПБН-ге хат, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің наркологтың бас маманы, Ресей Федерациясы Кеңесінің Есірткі профилактикасы мәселелері жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Е.А. Бруна;«Кофеиннің қауіпсіздігі туралы ғылыми негізделген пікір. Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Еуропалық Ұйымның (EFSA) Комиссиясының диеталық өнімдер, тамақтану және аллергия бойынша қорытындысы.»Наркология «журналы, № 8, 45 – 58, № 9 2015 б. 51-61.
Кофеин – алкогольсіз сергіткіш сусындардан басқа, шоколад, “Кока-кола”, “Байкал” секілді алкогольсіз сусындарда, сондай-ақ, кофе, какао жасыл және қара шай сияқты көптеген тағамдық өнімдердің құрамдас бөлігі ретінде қосылады. Оларды кәмелетке толмағандарда еркін тұтынып жүр. Ал кофеиннің артық дозалануынан адам денсаулығына 55% жағымсыз әсер етеді деген ақпарат тіптен негізсіз.
Қазіргі уақытта алкогольсіз сергіткіш сусындар есірткі қолданудың себебі болып табылатынын дәлелдейтін шетелдік немесе отандық зерттеулер жоқ.
Психиатр-наркологтардың отандық мамандарының клиникалық тәжірибесі де осындай тұжырым жасауға жол бермейді.
Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқы проблемалары наркологтардың кәсіби назарында болмайтындығына қарамастан, біз жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде жүргізілген көптеген зерттеулердің, суицидтік әрекеттің тікелей алкогольдік және нашақорлық әрекеттерге байланысты жағдайымен дәлелдейтінін білеміз. Сонымен бірге, ғылыми дәлелдемелерде жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау проблемасы кофеиндендірілген тағамдарды, оның ішінде алкогольсіз сергіткіш сусындарды қолданғаннан болғаны еш жерде тіркелмеген.
Ресей Федерациясы бас наркологының айтуынша, психоактивті заттарды қолдану салдарынан психикалық және мінез-құлықтағы өзгерістері бар кәмелетке толмаған жасөспірімдерге наркологиялық көмек көрсету жұмыстарын жүргізу кезінде жүйке жүйесінің және алкогольсіз ынталандырушы сусындарды қолданудан туындайтын танымдық функциялардың бұзылу фактісі байқалмады.
Кофеині бар азық-түлік өнімдері (шай, кофе, алкогольсіз сергіткіш сусындар, шоколад) сияқтылар түнгі уақытта тұтынылса кейбір ойындар секілді мысалы: ашық алаңдардағы ойындар және басқа да физикалық белсенділіктер немесе кейбір мәдени шараларға қатысқандағыдай сезімнің ынталандырушы әсерін оятады және түнгі ұйқының сапасына әсер етуі мүмкін. Мәселе дұрыс гигиеналық білім беру және ұтымды жұмыс режимі, демалыс және тамақтану режимін қалыптастыру арқылы шешіледі.
Кофеиннің дозасына байланысты зертханалық жануарлардың мінез-құлқына теңдестірілген психоактивті түрде әсер ете алатындығын көрсететін бірқатар ғылыми еңбектер бар, ол ынталандырушы және белгілі бір анксиолитикалық әсерге ие. Дегенмен, адамдарға жүргізілген сенімді зерттеулерде бұл тезисті растайтын мәліметтер кездеспеді.
Бұл жерде «масаюдың уытты формасы» термині орынсыз қолданылып тұр. Ресей Федерациясының бірқатар заңнамалық актілерінде және Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық құжаттарында «алкогольдік, нашақорлық немесе басқа да уытты интоксикациялық» деген анықтамалар бар. «Масаюдың уытты формасы» дегеніміз – алкогольдерге, нашақорлық құралдарға және психотроптық заттарға, қауіптілігі ықтимал психоактивті заттарға, химикаттарға, медициналық мақсаттағы дәрі-дәрмектерді қоса алғанда, физикалық және психикалық функцияларды бұзуға әкелетін, адамды есінен тандыратын жағдай түсіретін заттарға қатысты нәрсе. Оларды жоғары қауіптілігіне немесе дәрілер мен заттардың метаболиттеріне байланысты қатынастарда жағымсыз әсер етуі мүмкін химиялық токсикологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша анықтайды. Жоғарыда келтірілген анықтамаға сәйкес кофеиннің әсерін «уытты интоксикацияға» жатқызуға болмайды.
Жоғарыда айтылғандардан басқа, Мәскеу сауда-өнеркәсіп палатасына Ресей Федерациясының Мемлекеттік хатшысы, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Д.В. Костенников бірқатар кәсіби медициналық басылымдарда жарияланған алкогольсіз сергіткіш сусындардың адам ағзасына әсері жайынадағы ақпарат беру туралы хатында баяндады 2015 жылғы 30 желтоқсандағы N228-1 / 10 / 2-8096. Ол барлық көздерден тәулігіне 400 мг кофеинді тұрақты пайдалану – дені сау ересектерге қауіпсіз екенін айтты, сонымен қатар (3-10 жас аралығындағы) балаларға және (10-18 жас аралығындағы) жасөспірімдерге кофеинді қауіпсіз мөлшерде үнемі қолдануына байланысты фактілерді келтірді. Адам күніне дене салмағының 1кг-на 3 мг кофейінді тұрақты пайдаланып тұруы қауіпсіз екені нақтыланды.
- Ресей Денсаулық сақтау Министрлігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы N 933н Мәскеудің (медициналық, алкогольдік, нашақорлық немесе басқа да уытты заттарға байланысты) масаюдың медициналық тексеру жүргізу тәртібі туралы бұйрығы;
- Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Д.В. Костенников қол қойған алкогольсіз сергіткіш сусындардың адам ағзасына әсері туралы ақпарат беру туралы хат. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы N228-1 / 10 / 2-8096
Кофеинқұрамды тамақ өнімдері – кофе, шоколад, алкогольсіз сергіткіш сусындар әр түрлі жас топтарында кеңінен қолданылады және 25 жасқа байланысты шектелмейді.
Отандық психиатр-нарколог мамандарында кофеині бар өнімдерді пайдалану, ішімдікке және басқа психоактивті заттарға тәуелділікті қоса, коморбидті психикалық патологияның пайда болуын болжайтын фактіні растайтын ақпарат жоқ.
Жоқ. Аллергия дененің күрделі белоктарға реакциясы нәтижесінде туындауы мүмкін.
Жоғары сапалы еріткіштер.
Кеден одағының тағамдық қоспалары және тағам қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттері.
Кофеин стандарттарға сәйкес келетін кез келген сипатына және шыққан орына қарай 3-жақты жеткізеді.
Тұрақтандырғыштарға байланысты. Сусынды шырынға ұқсату үшін, яғни аздап қоймалжың қылу мақсатында – опализенциялау қажет болады, тұрақтандырғыштар сол себепті қолданылады. Бұлдыр қылу өте күрделі нәрсе және ол желе тәрізді тромбтардан түзіледі. Сондықтан сақтау мерзімі – бір жыл, одан көп болмайды.
RBED-де тұрақтандырғыштар жоқ.
Асқазанда асқазан сөлі болады. Ол шегені ерітетіндей қабілетке ие, ферменттері бар тұз қышқылымен сипатталады. Асқазанның эпителийі қышқылдарға жақсы бейімделген. Кез келген газдалған сусын сау асқазанның эпителийіне ешқалай әсер ете алмайды. Алайда, егер асқазанның немесе өңештің қабырғаларына зақым келсе – гастрит немесе ойық жара болса, онда газдалған сусын ішпеген жөн. Алайда, мұндай аурулары бар жандардың суды көп ішпегені және қатты тойып ас жемегені дұрыс.
Және де түскі немесе кешкі аста тым қатты тойып тамақ жеп алғаннан кейін газдалған сусын ішудің қажеті жоқ. Немесе жатып мызғып алғыңыз келіп тұрғанда оларды қабылдамаңыз. Бұл жағдайда көпіршіктер сфинктерден жарылып (өңешті асқазаннан бөлетін клапан) шығады да, жүрек айнып, қыжыл сезімі пайда болуы мүмкін.
Негізі энергетик сусындардың құрамында алкоголь болмайды, осының өзі аталмыш талаптарға бірінші жауап. Сондай-ақ, адал емес жануарлардың компоненттері болмайды (яғни шошқа еті мүлдем қосылмайды), сонымен қатар адал бауыздалған малдың компоненттері де қосылмайды. Алынған шикізаттар өндірілетін завотқа дейін көптеген діни қызметкерлердің жалпыға бірдей мақұлдауынан өткен.
Әдетте біздің сусындар Халал талаптарына оңай жауап бере алады.
Кофеин қосылған дәмді сусындар өмірді түрлендіреді. СӨС қатаң ұстанатын адам кей кезде кофемен, немесе энергетикалық сусындармен миын сергітіп, дәмді нәрселермен өзін рахаттандырса, онда тұрған ештеңе жоқ. Табиғатымыздың өзі ең адымен ағзамыздың нені қалайтындығын қанағаттандыруға негізделіп жаратылған. Дегенмен, ең бастысы – өлшемді білу керек. Содан кейін шамадан тыс тойып тамақтанудан кейін бұл «күнәні» узақ уақыт серуендеп немесе жүгіру арқылы өтеу керек.
Біздің сусындардың барлық компоненттері жоғары сапалы. Сапалылықтың ең жоғары критерийлеріне сәйкес болу үшін ең алдымен қосылатын судан бастайық. Су – Альпі тауының мөлдір бұлақтарынан алынған, яғни құбырдан шыққан су емес. Қалған компоненттер: қант қызылшасынан алынған қант (сахароза, глюкоза, фруктоза), витаминдер, табиғаттағы заттармен бірдей тағамдық қышқылдар, хош иістер мен тағамдық бояулар .
Яғни, алманың құрамында тағамдық қоспалар тізіміне (E-нөмірлері) ұқсас заттар көп. Мұндай мысалдарды кез-келген тамақ өнімдерінен көруге болады. Ендеше алма химия ма?
Аспартамды шамадан тыс қолдану мүмкін емес. Өнімді тәтті ету үшін әр кг үшін белгілі бір мөлшерде мг қосу керек. Сонымен бірге оны көп мөлшерде тұтыну мүмкін де емес, олның дәмі болмай қалады (құрғақ ашытылмаған сүт сияқты). Аспартамнің өзі таблетка түрінде сатылады, егер өмірді аспартаммның салдарынан аяқтау үшін, жүзден астам таблеткаларын қолдануға тура келеді.
Бұл бауырда түзілетін және детоксикацияға арналған (ағзадан қажетсіз заттардың шығарылуы) глюкозаның туындысы. ағза глюкуронолактонды жеткілікті мөлшерде шығарады және кейбір сәтте оны жоя да алады.
Алкоголь жүрекке нашар жағынан әсер етеді. Мұндай қарсылықтармен күресу мүмкін емес. Кофеин мен энергияға келетін болсақ, олардың жөні басқа яғни ең беделді ұйымның – тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық органның ғылыми пікірі бар. Онда жүздеген зерттеулер мен кардиологтар, токсикологтардың пікірлері негізінде жүрек пен тамыр жүйесіне ешқандай әсер етпейді деген тұжырым жасалды.
ТМД-дан, басқа елдерде ондай жазулар болмайды. ЕО-да «кофеин мөлшері жоғары», «жүкті және бала емізетін әйелдерге ұсынылмайды» деген жазу бар. ТМД-да Грузия мен Молдовадан басқа, барлық жерде «18 жасқа дейін қолдануға болмайды» деген ескерту жазылған.
Жалпы ең алдымен «ұсынылмаған» деген сөз «тыйым салынған» деген сөздің синонимі емес екенін түсініп алу керек. Бұл да “ащы, қуырылған, тәтті, майлы және т.б. тағамдарды көп жеп алғаннан кейін 8 сағаттан кем ұйықтау ұсынылмайды” дегендей ғой.
«Ұсынылмаған» деген жазу заңмен белгіленген. Мұның артында өзіндік тарихы мен себептері жатыр. Айталық, кофеині энергетиктердікіне қарағанда бірнеше есе көп кофе немесе шайға қатысты Заңмен бекітілген мұндай ескерту жоқ. Қысқасы, бұл 90-шы жылдардан қалған сарын, биліктің сусынның мәні мен құрамын түсінбегеннен бекіткен жоралғысы. Яғни бұл да заңның әрқашан ғылымнан артта қалатын жағдайының көрінісі.
Жапсырмада өндіріс мекен-жайы нақты көрсетіледі. Оны жалған жазу – өте қауіпті іс. Билік мұндай өнімге тыйым салуға және соған тікелелкей қатысты адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға құқылы. Ірі немесе тіпті кішігірім компания да ешқашан мұндай алдау әрекеттеріне араласпайды.
Кез-келген адам тауардың Австриядан екенін тексере алады: «Red Bull Австриядан әкелетіні рас па?» деп, Федералды кеден қызметіне сұрау салу арқылы білуге болады.
Сонымен қатар, аналитикалық химияның да әдістері бар, онда толықтай дәлелдер жеткілікті. Бірақ қымбат.
Жоқ Қант – бұл тағамдық өнім. Консерванттар деп тағамдық қоспалардың жеке класын, яғни зең мен ашытқының өсуін тежейтін заттарды атайды. Бұл сусынның ішінде қалып, тез бұзылуға әкелуі мүмкін (ашу, дәмінің өзгеруі, түсінің бұзылуы, түрінің өзгертуі секілді жайттар). Ең көп таралған қосындылар – бензой қышқылы (бензоаттар) және сорб қышқылы (сорбаттар).
Біз сусынға консерванттарды қоспаймыз, сол үшін өндіріс гигиенасында сусынның ашуы мен көгеруі кездеспейді. Бұл біздің басты мақтанышымыз және еңсеміздің биіктігінің белгісі. Жалпы біз сусындарға консервант қоспайтын жалғыз компания болып саналамыз.
Себебі бұл миссия мүмкін емес. Жоғарыда келтірілген сұрақтарда айтылғандай, хош иісті құрам бірнеше типтен тұрады: Дегидродигидроионол, 2-Этилфенол, 4- (2,6,6-Триметил-2-Циклогексенил), бірақ-3-en-2-ol, 2- (2,2,3-Триметилциклопент-3-энил) этан-1-ол т.б. Мұны затбелгіге қою мүмкін емес. Екіншіден, бұл тізімнің затбелгіде болуы тұтынушыға өнім туралы толық ақпарат алуына септігін тигізбейді. Үшіншіден, хош иісті композицияның құрамы коммерциялық құпия болып табылады және патенттік құқықтармен қорғалған, бұл да көрсетілген. Осыны ескере отырып, заңда хош иісті композицияның заттаңбада көрсетілуі талап етілмейді.
Тұрақтандырғыштар – бұл әдетте шоғырланған өсімдік шырындары немесе өсімдік полимерлері (полисахаридтер). Олардың өздері сусынды аздап бұлдыр етеді (тұманды немесе опалесценция), олар жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін сусынның түсін тұрақты етіп ұстап тұру үшін керек (тұнба болмау үшін және тынып қалмас үшін). сусынның опалесценциялануы тұнық сусынға қарағанда көбінесе тартымды болып көрінеді. Сонымен қатар, тұрақтандырғыштар шырын қосылған сусындарда шырын компоненттерін тынып қалудан сақтайды.
Қышқылдықты реттегіш – қышқылдықты қалыптастыру үшін қажет. Барлық алкогольсіз сусындардың түп-негізі – жеміс шырындары. Көптеген жеміс шырындары тәтті және қышқыл болып келеді. Органикалық қышқылдардың құрамына байланысты (лимондық, алма және т.б. және олардың тұздары) болып жіктеледі. Қышқылдықты реттегіштер бірдей (лимон қышқылы және оның тұздары (цитрат) және басқа қышқылдар).
Дәмді қалыптастыру және дәмді одан әрі реттеу үшін хош иістер қосылады. Жапсырмада көрсетілген «дәм» сөзі жүздеген хош иісті заттардың күрделі құрамын жасырып тұр. Сонымен қатар, бұл қоспаның ( сусындағы жалпы мөлшері құрамы) өте аз – 0,1% деңгейінде. Тамақ өнеркәсібінің жеке саласы (хош иістендіргіш өнеркәсіп) хош иісті композициялар жасау үстінде, бұл интеллектуалды және күрделі жұмыс. Әрбір хош иісті композиция патенттік қорғау мен зияткерлік заңның мәні болып табылады.
Бұл жерде бар мәселе – алкогольде. Ресей Федерациясында алкогольді адам басына шаққанда ондаған литр, ал энергетикалық сусындарды бар болғаны бір литр тұтынды. Тиісінше, алкогольдің ағзаға айтарлықтай әсері болады.
Глютен – бұл полипептид, яғни. ақуыз, ол дәнді дақылдарда және, тиісінше, нан, ботқа және басқаларында болады. Оны сусындарға араластыруға рұхсат жоқ.
Егер жапсырмада жеткілікті орын болса химиялық атау жазылады. Ал жетіспесе, сандар – Е-мен жазылады. Е – тамақ қоспаларының еуро регистріндегі сандар. Осы тізілімді анықтау үшін ұзақ мерзімді тексеруден сұрау керек.
A) Бізді қоршаған ортадағы заттардың көпшілігі синтетикалық заттар. Витаминдер, дәрі-дәрмектер, тағамдық компоненттердің маңызды бөлігінің баршасы осы сөзімізге дәлел. Бірақ мұнда тұрған ешқандай жаман нәрсе жоқ. Себебі олар табиғи түрлерден еш ерекшеленбейді. Бұл да болса тамақ өнеркәсібінің дамуының нәтижесі. Егер таза табиғи азық-түлікті тұтынғыңыз келсе, онда палеолит дәуіріне қайта оралу керек шығар. Бірақ мұның да өзіне тән жақсы тұстары жетерлік. Азық-түлік тапшылығы, мерзімінен бұрын бұзылу, маусымдық ауысу және т.б. жайттарға татымды жауап болмақ.
B) коммерциялық кофеинің шамамен 50-50-і табиғи (шай мен кофе қалдықтарынан) және биотехнологиялық – микрокультуралар ксантинді жейді және кофеинді өндіреді. Биржадағы споттық бағаларға байланысты кофейіннің 50-50 қатынасы кез-келген бағытта 0-ден 100% -ға дейін өзгеруі мүмкін. Бұл туралы ешкім алаңдамайды да.
C) Менің білуімше таурин биотехнологиялық. Меніңше – бұл тартымды корінеді. Ақ халат пен қалпақ киіп алған қыз секілді. Және т.б.
D) БАҚ-тың күш-жігерінің арқасында «синтетикалық» сөзі нақты теріс контекстке ие болды. Синтетикалық нашақорлық заттарға қатысты үлкен проблема да жоқ емес. Бір жылда жүздегенін кездеструге болады. Мәселе мынада, олар әрдайым жаңарып тұрады, сондықтан мемлекет тарапынан реттелмейді. Мемлекеттің оған бөлер уақыты да жоқ. Сондықтан оған заңды түрде тыйым сала алмайды. БАҚ-тан естіп бәрі ақылды бола қалады, ал мектептегі химияны үшке оқығаны есінен шығып кетеді.
Күніне қолданылатын мөлшерді Денсаулық сақтау министрлігі тағайындайды. Қант – күніне 50-60 г қанттан тұратын калориялы диетаның 10%-ы 2 литрлік Coca-Cola бөтелкесінде шамамен 200 г қант болады. Бірақ ешкім сізді бірден 2 литр ішуге мәжбүрлемейді. Сондықтан тыйым салынбайды және қант үшін ешкім түрмеге тоғытылмайды. Бәрі әлі алда. Тауринді тұтыну күніне 1200 мг-нан аспау керек еукен. Бұл норма сауатсыздау. 1кг асшаян жеп, бірнеше есе көп таурин алуға болады. Онымен де, әзірге ешкім атылған жоқ. Кофеинге келетін болсақ, Ресейде энергетиктер үшін ең жоғары концентрация литріне 400 мг-ден аспау керек. Ал бір құты кофе құрамында кофеиннің бірнеше есе көп концентрациясы болады. Ал бұған байланысты да, осы уақытқа дейін ешкімді қамауға алған жоқ.
500 мл құтыда 50-60 г қант болады. Бұл қанттың тұтынылатын тәуліктік дозасына тең немесе одан аз мөлшерде. Нәтижесінде, сусындар (тек энергия ғана емес, барлығы) артық салмақ пен семіздік эпидемиясын өсіреді және салықты арттырады. Сондықтан біз 250 мл көлеміндегі шағын мөлшерді таңдаймыз – сол оңтайлы. Егер, энергетиктерді литрлеп, шелектеп сатса, олардың алкогольсіз сусындарға қатысты біркелкілігі жойылады.
Онда тұрған ештеңе жоқ. Тауринді тіпті қасықтап жеуге болады. Http://www.gcgie.ru/CSportM/MR_2-3-1-1915-04.pdf стандарттарына қарамастан, бұл жағдайда күніне 1200 мг-нан аспау ұсынылған. Бұл сан таза отандық өнертабысқа байланысты. Басқа елдерде ешқандай лимит белгіленбеген.
Жоқ әсер етпейді, токсиндер, алкогольдар және майлар секілді кері жанама әсер туғызбайды.
150 мг-дан кем болмауы керек.
Кофеде кофеин концентрациясы литріне 200-ден 3000 мг-ға дейін енгізіледі. Бізде литріне 320 мг қолдану рухсат. Кофеинді салыстырып көріңіз.
Изотоник – бұл қан плазмасындағы осмотикалық қысымға пара-пар осмотикалық қысымы бар сусын. Изотониканың негізгі қызметі – электролиттердің тепе-теңдігін қалпына келтіру. Мәселен, бір литр суда 1,5 г натрий хлоридінің ерітіндісі изотоникалық қасиетке ие. Сондықтан коммерциялық изотоник ас тұзынан, тәтті сусынға тиесілі компоненттерден (қант, бояғыштар, қышқылдықты реттегіштер, хош иістер) құралады. Құрамында кофеин жоқ. Энергетикалық сусындардан изотоник алу үшін кофеинді, газды алып тастау керек, қанттың мөлшерін 4-5 г дейін азайтып, тұз қосамыз.
Тарихи тұрғыдан энергия спорт үшін ойлап табылған. Қарқынды жаттығулар кезінде В дәрумені жетіспейді екен. Әрдайым. Сонымен қатар, салмақты ғылым аталған дәрумендерді энергия алмасуымен ұзақ уақыт байланыстырды.
Сонымен, дәрумендердің дереу субъективті әсерінің болмауына қарамастан, оларды сусынға қосқан дұрыс.
Ниацинді қолдану мен шаршауды азайту арасындағы байланыс https://efsa.onlinelibrary.wiley.com/doi/abs/10.2903/j.efsa.2010.1757
Пантотен қышқылын қабылдау мен шаршауды азайту арасындағы байланыс https://efsa.onlinelibrary.wiley.com/doi/abs/10.2903/j.efsa.2010.1758
В6 дәрумені қабылдау мен шаршауды азайту арасындағы байланыс https://efsa.onlinelibrary.wiley.com/doi/abs/10.2903/j.efsa.2010.1759
В12 дәрумені мен шаршауды азайту арасындағы байланыс
https://efsa.onlinelibrary.wiley.com/doi/abs/10.2903/j.efsa.2010.1756
Пантотен қышқылын ақыл-ой белсенділігін жақсарту үшін қолдану арасындағы байланыс https://efsa.onlinelibrary.wiley.com/doi/abs/10.2903/j.efsa.2009.1218
Дәм сезімі – нәзік мәселе және ол көптеген факторларға байланысты. Жалпы температураға байланысты, бойыңыздағы ауруға байланысты тағам дәмінің өзгеріп тұруы заңды құбылыс, сондай-ақ кейбір тағамдармен суық күнде жесеңіз (торт, кәуап немесе балық – бұрынғыдан өзгерек бір дәм сезесіз. Сол сияқты, егер сіз сусынды суық ауамен қоса жұтсаңыз, жаңа дәм диапазоны пайда болуы мүмкін. Айтпақшы, аскорбиннің жеке өзіндік дәмі болмайды. Барлық органикалық қышқылдардың (лимон, алма, сүт және т.б.) дәмі бірдей болады.
Көрсетілген жағымсыз әсерлер кофеиннің көп мөлшері болғанда кездеседі. Бір уақытта шамамен 1000 мг және одан жоғары ішкен кезде орын алуы мүмкін. Тауриннің оған ешқандай қатысы жоқ. 1000 мг кофеин – бұл Red Bull-дан 12 банка ішкенде алынатын кофейін. Кофеге келетін болсақ, оның кейбір түрлерінде кофеиннің өте жоғары концентрациясы болуы мүмкін. Эспрессоның 1 – литрінде 3000 мг дейін кофейін болады (Ред Буллда 1 литрінде 320 мг). 200-300 мл эспрессо ішу әбден мүмкін. 1000 мг кофеин қабылдап ұйқысыздық пен тахикардиядан рахат алып көріңіз.
B3 – 20 мг, B5 – тұтынудың ең жоғары рұқсат етілген деңгейі белгіленбеген; B6 – 26 мг, B12 – тұтынудың ең жоғары рұқсат етілген деңгейі белгіленбеген.
Https://base.garant.ru/2168105/ сайтында барлығы анық жазылған. В тобының витаминдеріне келетін болсақ, көптеген басқа дәрумендерден айырмашылығы, олар үшін норманың жоғарғы шегі белгіленген. В5 және В12 жайлы тіпті табылмады да. Бұл дәрумендерді күніне мыңдаған есе және он мыңдаған мг мөлшерінде, ешқандай кері салдарсыз тұтынатын жағдайлар болды.
Өйткені ол қымбат және дәмі жағымсыз. Дәріханада Stevia шәрбатын сатады – соны қолданған сенімді. Стевия әлі күнге дейін таза түрінде қолданылмайды, бірақ қант немесе басқа тәттілендіргіштермен үйлеседі.
Сары-қызыл. Рибофлавин дұрыс көрсетілгендей, кем дегенде екі тағамдық функцияға ие. Талап етілетін қызмет түріне және қосылу мқсатына байланысты болады. Бұл жағдайда да оның мөлшері мардымсыз дәрумендердегідей – 250 мл күнделікті қажеттіліктің 1% -ынан да аз. Ережеге сәйкес, дәрумен түрінде қатыстырылуы – 100 мл үшін күнделікті қажеттіліктің 5% -ынан кем емес. Сондықтан бұны бояу деген жөн.
Ресей Федерациясының азық-түлік туралы заңнамасы әлдеқашан азық-түлік өнімдері мен ингредиенттерді тағамдық өнімдерге қолдануға рұқсат етудің қатаң жүйесін орнатқан. Тек тамақ өнімдері мен сусындардың құрамындағы ингредиенттердің қауіпсіздігі дәлелденеді. Денсаулық сақтау министрлігі және оның ғылыми-зерттеу бөлімшелері биологиялық белсенді заттарды, тағамдық қоспаларды және т.б. қолдануға арналған стандарттарды әзірледі. АСЭС-дың құрамы сыртқы жапсырмаларында жарияланады және рұқсаттар (сертификаттар, сәйкестік туралы декларациялар) алынған кезде және нарықтағы тауарларды мемлекеттік бақылау кезінде тексеріледі.
АСЭС құрамы туралы толыққанды ақпаратты drinkenergy.ru, energydrinkseurope.org сайтынан білуге болады
- А.Я.-бап. Калинин «Кофеин – дос па, әлде қас па?» Техникалық реттеу Сауаттылығы. », № 9-10, 2014, 43-51 беттер
- Ресей Федерациясындағы құрамында кофеині бар тұтынылатын тағамдардағы кофеиннің мөлшерін зерттеу нәтижелері туралы есеп. Ресей медициналық ғылымдар академиясы FGBU (Тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұлттық қорының тапсырысымен RAMS тамақтану ғылыми-зерттеу институты, Мәскеу, 2013 ж.);
Ресей нарығына арналған стандартты қаптамадағы кофеиннің мөлшері (250мл құтыда), шамамен 70-100 мг, бұл көлемі орташа бір кесе қайнатылған кофедегі (80-90 мг) кофеиннен аз. Анықтама үшін, қара шоколадтың 100 грамында орта есеппен 50 мг кофеин бар. Яғни осыған қарап, тәулігіне 400 мг мөлшеріндегі кофеинді еш алаңсыз қолдануға болатындығын салыстырмалы түрде аңғаруға болады.
- Наркология 8, 2015. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық ұйымның (EFSA) кофеинінің қауіпсіздігі туралы дәлелді пікірлері, №1, 45-58 беттер. Редакциялық мақала.
- Наркология 9, 2015. Еуропалық тамақ өнімдері ұйымының кофеин қауіпсіздігі туралы дәлелді пікірі (EFSA) № 2, 51-61 бет. Редакциялық мақала
Ресей Федерациясының азық-түлік туралы заңнамасы әлдеқашан азық-түлік өнімдері мен ингредиенттерді тамақ өнімдерінде қолдануға рұқсат етудің қатаң жүйесін орнатқан. Тек тамақ өнімдері мен сусындардың құрамындағы ингредиенттердің қауіпсіздігі дәлелденеді. Денсаулық сақтау министрлігі және оның ғылыми-зерттеу бөлімшелері биологиялық белсенді заттарды, тағамдық қоспаларды және т.б. қолдануға арналған стандарттарды әзірледі. АСЭС-дың құрамы сыртқы жапсырмаларында жарияланады және рұқсаттар (сертификаттар, сәйкестік туралы декларациялар) алынған кезде және нарықтағы тауарларды мемлекеттік бақылау кезінде тексеріледі.
АСЭС құрамы туралы толыққанды ақпаратты drinkenergy.ru, energydrinkseurope.org сайтынан білуге болады
- Бас санитарлық дәрігер Г.Г. Онищенко қол қойған АСЭС Pepsi Coла мемлекеттік тіркеу туралы 08.02.2011 ж;
- «Red Bull» АСЭС-ды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, 19.07.2011ж. Бас санитарлық дәрігер Г.Г. Онищенко. 1. Кеден одағының ТР ТС 021/2011 «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті;
- Кеден одағының ТР TS 022/2011 «Тамақ өнімдерін таңбалау тұрғысынан» техникалық регламенті;
- Кеден одағының ТР ТС 029/2012 «Азық-түлік қоспалары, хош иістендіргіштер мен технологиялық құралдарға қойылатын қауіпсіздік талаптары» техникалық регламенті;
- ЕурАзЭҚ Кеден одағының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауына (бақылауына) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар ». II тарау, 1-бөлім «Азық-түліктің қауіпсіздігі мен қоректік құндылығына қойылатын талаптар» //http: //www.tsouz.ru/Pages/Default.aspx;
- «Сергіткіш компоненттері бар сусындарға бақылауды күшейту туралы» Ресей Федерациясының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы № 2 қаулысы;
- MP 2.3.1.1915-04 «Азық-түлік пен биологиялық белсенді заттарды тұтынудың ұсынылған деңгейлері» нұсқаулығы;
- ГОСТ Р 51881-2002 “Табиғи ерігіш кофе”. Жалпы сипаттамалары
- ГОСТ Р 52088-2003 «Табиғи қуырылған кофе. Жалпы сипаттамалары «10. ГОСТ Р 52844-2007» Сергіткіш алкогольсіз сусындар. Жалпы техникалық жағдайлар » 11. ГОСТ Р 52845-2007« Аз алкогольсіз сергіткіш сусындар. Жалпы сипаттамалары.
Кәмелетке толмағандарға АСЭС –ды қолдануды тыю, шылыммен, алкогольмен қатар қойғанмен тең. Сонымен қатар заңды болса да есірткімен теңестіргендей болады. Ал бұл, АСЭС-дың беделіне орасан зор нұқсан келтіреді, және бұл толығымен негізсіз, сондай-ақ, одан әрі өнімді шектеуге ұрындырады. Сонымен қатар, бұл кемсітушілік шара. Шай, кофе, шоколадқа ешкім тыйым салмайды ғой.