Британиялық British Nutrition Foundation қайырымдылық ұйымы жақында зияны жоқ азық-түлік өнімдерінің беделіне бүгінде көпшіліктің «ультра өнделген» азық-түліктерге деген негиатив әсерінің кесірінен орасан нұқсан келтіргені жайы мәлімдеген болатын.
NOVA классификациясына сәйкес, ультра өңделген азық-түліктер қатарына өндірістік өңдеуден өткен, құрамында бояғыш, ароматизатор немесе консерванттар бар өнімдер жатады. Осылайша осы анықтаманың ішіне консервіленген көмештелген бұршақ, майсыз жеміс йогурты, балмұздақ, қаптамадағы тілімделген нан, таңғы асқа арналған дәнді қауыз да кіріп кетеді.
British Nutrition Foundation тұтынушыларға бірқатар азық-түлікті жеуді азайту керегімен келісіп отыр. Олар: газдалған сусындар, тәтті дайын таңғы астар. Яғни бұлардың құрамында қант, май немесе тұз өте көп болады. Десек те, ультра өңделген азық-түліктер ішінде дұрыс тамақтануға, диета ұстауға арналғандары да барын ескеру қажет.
Ұйымның тұтынушылар арасында жүргізген сауалнамасының деректеріне сүйенсек, адамдарға ультра өңделген азық-түліктер мен жай ғана өңделгендерін ажырату қиынға соғады екен. Респонденттердің 20 пайызға жуығы дұрыс диетаның ішінде ультра өңделген ештеңе болмауы керек. Дегенмен жоғарыда атап өткендей, олардың ішіне бұршақ та, таңғы асқа арналған қауыз да жатады.
British Nutrition Foundation-ның мәліметінше, өңделген азық-түліктердің де артықшылығы бар. Өйткені өңдеу арқылы оларды жеуге жарамды, қауіпсіз, ыңғайлы әрі нәрлі қылады. Яғни тамақты дәрумендермен байытады. Сонымен қатар, өнеркәсіптік өңдеу әдістерінің біразын — қайнату, фрементация, тұздау және т.б адамдар мыңдаған жыл бойы үй жағдайында да жасап келген.
Ұйымның айтқан тағы бір пікірі, азық-түлік өнімдерін қозғалысы аз өмір салтына қатысты мәселелермен байланыстырған жөн емес. Қазіргі кезде айналамыздың өзі жеу керек нормадан асыруға мәжбүрлеп жатады. Яғни көбіне ол өнімнің өңдеуіне қатысты болмауы да мүмкін.
Дереккөз: www.foodnavigator.com