• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Профилактикалық тамақтану тамақ өнеркәсібіне жаңа мүмкіндіктер әкеле ме?

Sagentia Innovation мәліметтері бойынша, тамақ пен сусын брендтерінің болашақ бағыттарының бірі – «профилактикалық» тамақтану. Бұл әдетте салауатты өмір салтын сақтайтын адамның тамақтану жүйесі, яғни жүректің ишемиялық ауруы, гипертония, қант диабеті, ас қорыту жүйесінің аурулары және т.б. ауруларды болдырмайтын рацион. Алайда, бұл салада бірқатар техникалық және құқықтық қиындықтар бар.

Компания өкілдерінің айтуынша, COVID-19 кезінде тұтынушылардың иммунитетке оң әсерін тигізетін функционалды ингредиенттерге қызығушылығы артты. Қазірдің өзінде «дұрыс тамақтану» концепциясы «денсаулық пайдасы үшін тамақтануға» ауысқанын бақылауға болады. Sagentia Innovation бұл құбылыс пандемиядан кейін де жалғасады деп есептейді.

Бұл профилактикалық тамақтанудағы инновациялардың маңыздылығын арттырады – енді өндірушілер денсаулыққа пайдалы жаңа функционалды ингредиенттерді іздеуде. Алайда, компанияда атап өткендей, тұтынушылардың күтуі қолданымдағы ғылыми дәлелдер базасының мүмкіндіктерінен асып түсуі мүмкін. Техникалық қиындықтар да бар, мысалы, функционалды компоненттерді алу, оларды кең көлемде өндіру және азық-түлік матрицаларымен біріктіру.

Заңды түрде реттеу – тағы бір күрделі мәселе. Нормативтік талаптар әр нарықта әртүрлі болуы мүмкін және бұл жаңа өнімдерді дамытуға ықпалын тигізеді. Көп жағдайда өнімді шығару үшін инновациялық ингредиенттерді қолданудан гөрі, белгілі ингредиенттер жиынтығын қолдану тезірек. Профилактикалық тамақтану саласында емдік тамақтану аумағына байқаусызда еніп кетпеу үшін өнімді әзірлеудің алғашқы кезеңінде заңнаманы қарастыру өте маңызды. Sagentia Innovation мәліметтері бойынша, растауды қажет ететін өнімнің ерекшелігін жариялағаннан гөрі “жұмсақ” әдісті қолданған әлдеқайда тиімдірек.

Компания осы саладағы инновация үшін ең маңызды ингредиенттердің 6 түрін анықтайды: микроэлементтер, макроэлементтер, полиқанықпаған май қышқылдары, антиоксиданттар, пробиотиктер және пребиотиктер. Сонымен қатар, Sagentia Innovation функционалды компоненттерді «өңделген» тағаммен синоним ретінде қарастырудың қажеті жоқ деп есептейді және олардың өнімге қосылуы «таза жапсырмаларға» қайшы келмейтінін айтады.

Дереккөз: www.foodnavigator.com