Апельсин мен банан – дәрумендерге және талшықтарға толы болғандықтан ғана емес, олардың өздерінің табиғи қаптамасы болғандықтан, тамаша снек. Бұдан шабыт ала отырып, швециялық Tomorrow Machine компаниясы картоптан жаңа табиғи ыдырайтын GoneShells қаптама материалын жасап шығарды.
Шырын өндіруші Eckes Granini-мен және оның бренді Brämhults-пен ынтымақтаса отырып, «картоп» бөтелкесі жасалды. Пайдаланылған қаптаманы тыңайтқышқа жіберуге, суда ерітуге немесе жеуге де болады. Ыдырау үрдісі басталу үшін тұтынушыға бөтелкені бөлшектеу қажет болады. Бұл үрдіс апельсиннің қабығын аршуға ұқсайды. Ал оған дейін бөтелкенің кәдімгі пластикалық бөтелке секілді қасиеттері болады.
Дереккөз: http://news.unipack.ru