• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Үлесті бағамдау

Сусындар индустриясының кең таралған бөлігі болып саналатын Еуразия энергетикалық сусындары қауымдастығы энергетикалық сусындар өндіру барысында артық салмақпен, семіздікпен күресуде, сонымен қатар кофеинді сусындардың жауапты тұтынылуына байланысты айтарлықтай зор ықпал ететінін мойындайды.

Аталмыш қос мәселенің тігісін жатқызу үшін Қауымдастық мүшелері бір реттік қолданылатын ыдыстағы энергетикалық сусындардың мөлшерін ақылға қонымды мөлшерде шектеу туралы ұсыныс жасады.

McKinsey ғаламдық институты «Семіздікті жеңу» атты маңызды зерттеуін аяқтады: Алғашқы экономикалық талдау бойынша, энергетикалық сусындардың ыдысын кішірейту артық салмақ пен семіздікке қарсы күресте тиімді әдіс екендігі дәлелденді. Сонымен қатар диеталық мәселелерді шешу үшін фискалдық шаралар қолдануға немесе басқа шектеулер қою тиімдірек шешңм болды. Жалпы Қауымдастық тұтынушылар арасында, реттеушілер мен жалпы жұртшылық ортасында ыдыс көлемін бақылауда ұстаудың маңыздылығын жақтайды және маңызды шешімдерді көтеруге тырысады.

Қауымдастық мүшелері барлық тағамдар мен сусындарды  мөлшерлеп бақылау артық калория мен қант диетасына байланысты проблемаларды нақты және тиімді шешетіндігіне сенімді.