Данияның Avantium атты биохимиялық компаниясының ойынша, өсімдіктерден жасалатын пластик – полиэтиленфураноат (ПЭФ) толықтай қайта өңделеді әрі әдеттегі платмассаларға қарағанда табиғатта әлдеқайда тезірек ыдырайды екен. Яғни сусындар өндірісі индустриясындағы стандартқа айналуына әбден болады деседі.
Компания 2023 жылдың соңына дейін ПЭФ шикізатын өндіруге арналған алғашқы коммерциялық зауытын ашуды жоспарлап отыр. Avantium мәлімдемесіне сүйенсек, болашақта ПЭФ ПЭТ, шыны немесе алюминийден жасалған алкогольсіз және алкогольді ішімдіктер мен сусындар, су, жеміс шырындарының әдеттегі қаптама материалдарының орнын басуы мүмкін. Компания ПЭФ-тен жасалған бөтелкелерді еуропалық дүкендердің сөресінен 2024 жылы-ақ көруіміз мүмкін екенін алға тартып отыр.
Одан бөлек, Avantium Coca-Cola және Carlsberg сынды сусындар мен ішімдіктердің ірі өндірушілерімен ПЭФ-ті қолдану бойынша бірқатар жобада бірлесіп жұмыс істейді. Атап айтқанда, жақында Carlsberg “қағаздан” жасалған сыра бөтелкенің баламасын әлемде тұңғыш рет баламасын ұсынды. Ол ағаш талшықтарынан алынады, әрі толықтай қайта өңделеді.
ПЭФ өндірісінің қарқынды дамуына бірден-бір кедергі – бағасы. Өйткені орта есеппен әдеттегі ПЭТ-ке қарағанда 8-10 есе қымбат. Дегенмен Avantium өкілдерінің айтуынша, ПЭФ-тің басты артықшылығы – оның қайта өңделетінінде деген пікірде. Бүгінде тұтынушылардың дені экологиялық қаптамада жасалған азық-түлік өнімдеріне артығырақ төлеуге еш қарсы емес деседі.
Источник: www.foodnavigator.com