Жапондық Nissin Foods Holdings компаниясы Cup Noodle жылдам кеспе брендінің 50 жылдығын Cup Noodle содалы суын шығарумен атап өтті.
Тұтынушыларға классикалық тез дайындалатын кеспе (Cup Noodle Soda), теңіз өнімі дәмімен кеспе (Seafood Soda), карри кеспесі (Curry Soda) және чили қызанағы кеспесі (Chili Tomato Soda) дәмдері бар газдалған сусындар ұсынылады.
Бұл газдалған суда, тұтынушылардың айтуынша, рамен кеспе түпнұсқаларының дәмі шығады.
Cup Noodle Soda – тұз бен бұрыш дәмі бар имбирь элі тәрізді сусын ретінде сипатталған, ал Cup Noodle Curry Soda – бұл карри дәмдеуіштері қосылған кола тәрізді газдалған су.
Cup Noodle 50th Anniversary Complete Set мерейтойлық жиынтығына барлық төрт газдалған сусын, сонымен қатар брендтің басқа да арнайы тағамдары кіреді.
Дереккөз: crispy.news