• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Жаңа метаталдау бағдаршам таңбалаудың тиімділігін көрсетеді

Жаңа зерттеуге сүйенсек, таңбалау тағам қаптауының алдында болуы (фронталды таңбалау) маңызды және ол тұтынушыларға әсер етіп, сондайақ өнеркәсіптегі рецепттерді жаңартуға ынталандырады.

Жақында халықаралық ғалымдар тобы жариялаған метаталдау жапсырмаларда түстік индикацияны пайдалану тұтынушыларды пайдалы тағамдарды таңдауға «итермелеудің» тиімді шарасы болып табылатынын және мұндай мінез-құлықты қалыптастырудың негізгі психологиялық механизмі бола алатынын көрсетті. Дегенмен, авторлар фронталды таңбалаудың әртүрлісі бар екенін және олардың ерекшеліктерін тиісті нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде ескеру қажет екенін атап өтеді.

Зерттеушілер өз жұмыстарында жаһандық ауқымда бүгінгі тұтынушы қант, тұз және қаныққан майға бай диетаны ұстанатынын алға тартады. Тұтас дәнді дақылдарды аз тұтынудың арқасында бұл семіздік, қант диабеті және т.б. денсаулықтың әртүрлі асқынуларына әкеледі. Тұтынушыларды тамақ өнімдерінің тағамдық профилі туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз ету оларды пайдалы тағамдар мен сусындарды таңдауға итермелеуі мүмкін, сондай-ақ реформалау процестерін жеделдету үшін өндірушілерге қосымша қысым көрсетуі мүмкін.

Көптеген елдерде қоректік заттардың қажетті деректері қаптаманың артқы жағында берілген, бірақ ДДСҰ мәліметтері бойынша, фронталды қосымша таңба өте маңызды, себебі бұл тұтынушы көретін бірінші нәрсе, сондықтан оның мазмұны туралы негізгі ақпарат осы жерде болу керек, мысалы калория, қаныққан май, тұз, қант және т.б.

Фронталды таңбалау жүйесі екі түрлі болады: 1 – түсіндіретін, яғни тұтастай өнімнің «пайдасын» немесе тағамдық құндылығын сипаттайтын белгілер немесе ескертулер; 2 – және түсіндірмейтін, яғни өнімнің тағамдық профилі туралы сандық деректерді ұсынатын – бұл жағдайда тұтынушы өнімнің пайдалы ма, жоқ па екенін өзі шешеді. Түсіндіретін ескерту мен түстік индикациясы бар жапсырмалар қазіргі уақытта әлемде ең көп қолданылады – мысалы Nutri-Score (Франция, Германия, Бельгия және т.б.), Чилидегі ескерту белгілері, Health Star (Австралия, Жаңа Зеландия), және бағдаршам таңбалау (Ұлыбритания).

Дегенмен, мұндай белгілердің тиімділігіне, әсіресе тұтынушылардың сатып алу үрдісіне әсер етуіне қатысты дәлелдемелік база шектеулі болып қала береді. Зерттеушілер негізгі фронталды таңбалау жүйелері бойынша дайын жұмыстардың жиынтық талдауын жүргізді. Нәтижесінде зерттеу Nutri-Score, бағдаршам таңбалау және тамақтың пайдасы туралы ескертулер адамдарға пайдалы тағамды таңдауға бағыттауда ең тиімді екенін көрсетті. Сонымен қатар түстік индикациясы бар таңбалау жүйелері денсаулыққа пайдалы тағамдарды ілгерілетуге көмектеседі, ал ескерту белгілері зиянды өнімдерді сатып алудың алдын алуда тиімдірек.

Метаталдау авторлары фронталды таңбалау жұқпалы емес аурулардың ауыртпалығымен күресудің тиімді әдісі болып табылады және тиісті стратегияларды әзірлеу кезінде реттеушілер осыны ескеруі керек деген қорытындыға келді. Дегенмен, ғалымдар фронталды таңбалау жүйелерінің халық деңгейіндегі тұтыну үлгілеріне әсерін және сала бойынша өнімді реформалау, әсіресе ұзақ уақыт аралығында одан әрі зерттеуді ұсынады.

Дереккөз: doi.org/10.1371/journal.pmed.1003765