• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

ДДСҰ-ның азық-түлік саласындағы маркетинг туралы есебі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жаңа баяндамасында азық-түлік саласындағы маркетинг «негізінен дұрыс емес диетаға себеп болатын тағамдарды насихаттайды» деген қорытындыға келді.

Есеп ДДСҰ-ның денсаулық сақтау саласына кеңес беретін нұсқаулық құжаттарды әзірлеу бойынша жұмысының бөлігі ретінде жарияланды. Есепте азық-түлік саласындағы маркетингтің көпшілігі зиянды тағамдарға бағытталғаны, «зиянды» тамақ маркетингінің үлесі 50%-дан астам, ал кейбір зерттеулерге сәйкес 90%-дан асатыны айтылған.

Басылымда ең жиі жарнамаланатын азық-түлік санаттары фастфуд, тәтті сусындар, шоколад пен кондитерлік өнімдер, тұзды және қышқыл дәмдеуіштер, тәтті кондитерлік өнімдер, таңғы ас жармалары, сүт өнімдері мен десерттер екенін айтады. Сонымен қатар, ДДСҰ, бұл коммуникациялардың көпшілігі балаларға қатты ісер ететінін атап көрсетеді: зиянды өнімдерді насихаттайтын маркетинг балалар жиналатын жерлерде (мектептер, спорт клубтары), теледидар жарнама контекстінде – әдетте балалар теледидар көретін сағаттарда, мектеп мерекелері кезінде, балалар арналарында немесе балаларға арналған бағдарламалар кезінде көрсетілетіні айтылады.

Есепті дайындау барысында ДДСҰ сарапшылары қарастырған ғылыми зерттеулер де мұндай маркетингтің жас аудиторияға әсер ету күшін бағалауға тырысты. Олар тамақ өнеркәсібі жас тұтынушылардың назарын аудару үшін қолданатын бірқатар тактикаларды сипаттайды – атақты адамдардың жарнамаларға қатысуы, жарнама кейіпкерлері, сыйлықтары бар акциялар, жарыстар мен ойындар, анимациялар мен визуалды эффектілер, денсаулыққа пайдалылығы жайлы мәлімдемелер және т.б. Балаларда үндеу тудыратын маркетингтік стратегиялар, көбіне дұрыс емес диетаны насихаттайтын өнімдерді жылжыту мақсатында және мектеп мерекелері кезінде жиі қолданылады.

ДДСҰ өз баяндамасында жастар мен балаларға қажетсіз тағамдарды жарнамалауға  қолданылатын эмоциялық және ойын-сауық әдістері, өнімдерді тұтыну жиілігіне тікелей әсер ететінін атап өтеді. Балалар тамақ пен сусынның жарнамасына неғұрлым позитивті жауап қайтарса, соғұрлым «зиянды» өнімдерді күнделікті тұтыну артады.

ДДСҰ-ның мәліметі бойынша, есептің деректері балалар мен жастарға бағытталған маркетинг деңгейі және оның диета таңдауына әсер етуі елеулі алаңдаушылық тудырады. Есеп балаларды азық-түлік саласыныдағы маркетингтің жағымсыз әсерінен қорғау бойынша ДДСҰ-ның одан әрі ұсыныстарын әзірлеу үшін пайдаланылады.

Дереккөз: http://www.foodnavigator.com