Бүгінде алкогольсіз сусындардың құрамындағы қант мөлшерін азайту мәселесі өте өзекті. Соған сәйкес, соңғы кездері өндірушілерге аталған мәселені шешуге көмектесетін ингредиенттер мен технологияның түр-түрі пайда болды.
Мәселен, Roquette және BRAIN компаниялары арнайы сусындар индустриясына арналған Brazzein атты ақуызды тәттілендіргіш шығарады. Ол табиғи түрде африкалық жидектердің бір сортында кездеседі. Жасап шығарғандардың сөзінше, дәмі де ерекше. разрабатывают белковый подсластитель Brazzein специально для индустрии напитков. Компаниялар өнімді нарыққа алдағы 3-4 жылда шығарамыз деген үмітте.
Better Juice деген израильдік старт-ап фруктоза, глюкоза және сахарозаны пребиотикалық тағамдық талшықтарға және өзге де қорытылмайтын заттарға конверсиялауға мүмкіндік беретін ферментация технологиясын әзірлеп жатыр. Компанияның мәліметіне сүйенсек, аталған технология арқылы апельсин шырынындағы қант мөлшерін 80 пайызға төмендетуге болады екен. Ол апельсин шырынындағы қанттың спецификалық композияциясымен әрекеттесіп, аз калориялық, дәмі тартымды өнім жасауға бағытталған. Дәм беру үшін тәттілендіргіштер де, қант алмастырғыштар да қолданылмайды.
Тагатоза деген тәттілендіргіш бар. Оның бағасы өте қымбат. Мінеки, соның өндірісінің бағасын барынша азайтуға мүмкіндік беретін технологияны қазіргі таңда америкалық Bonumose компаниясы әзірлеумен айналысып жатыр. Компанияның мәліметінше, олардың патенттелген ферментация технологиясы өндіріс бағасын бір килограмм үшін кемінде 2 долларға азайтады екен. Тагатоза кез келген сусында қосылуы мүмкін. Мәселен, газдалған, жеміс шырыны, шай және т.б. Дәмі де тіл үйіреді. Өзін жалғыз қосса да, тәттілендіргіштермен араластырса да болады.
Көпшілікке беймәлім стевиолгликозид Reb N-ді коммерциялауға мүмкіндік алған компания SweeGen деп аталады. N ребаудиозиді стевия жапырақтарында аз ғана мөлшерде болады. Сөйтіп оның өндірілуін күрделендіреді. Компанияның айтуынша, Reb N-де оны шырындарға қосқандарға одан әрі тіл үйіретін дәм беретін сенсорлық профиль бар.
Дереккөз: www.foodnavigator.com