Еуропалық инновациялар және технологиялар институты (EIT) инновацияны аса қажет ететін азық-түлік өндірісінің аспектілерін атады.
EIT ғалымдарының айтуынша, қазіргі таңда әлемдегі ең көкейтесті мәселелер тағам өндірісінде жатыр. Соның ішінде, оның жеткізілуі, тиісті салалардың тұрақты дамуында мәселе көп. 2050 жылға қарай жаһандық популяция 10 миллиард адамға жетеді деген болжам бар. Сол себепті денсаулыққа пайдалы, нутриенттерге толы тамақ өндірісін барынша арттыру маңызды. Сонымен бірге, көпшіліктің қалтасын қақпайтындай еткен жөн. Ал енді осы мақсатқа жету үшін ауыл шаруашылығы және тағам өндірісін сынды дәстүрлі салаларда жедел өзгерістер жасау қажет. Өйткені онсыз алға жылжу болмайды.
Осы ретте EIT жоғары аталған мақсаттарға жету жолында инновация аса қажет алты саланы атап отыр. Олар: баламалы ақуыздар, тағам өндірісінің циркуляр жүйесі, сандық бақылау, тұрақты ауыл шаруашылығы, тұрақты аквамәдениет және бағытталған, мақсатты тамақтану.
Соңғы жылдары халықтың ақуыз тұтынуының жаһандық деңгейі артып келе жатыр. Соған байланысты оның дәстүрлі алыну көздеріне өте үлкен қысым түсіреді. Ақуыздың көбіне жануарлардан алынатыны белгілі. Сондықтан, әдеттегі ақуыздардың орнын басатын балама тәсілмен алу қажет. Сөйте тұра олар адам денсаулығына зиян болмауы керек. Жоғары нәрлі болуы да маңызды деген пікір айтып отыр EIT ғалымдары.
Тағы бір мысал ретінде өндірістің циркуляр жүйесін айтуға болады. Оларды іске қосу арқылы азық-түліктің және азық-түлік қалдықтарының ысырап болуы сынды көкейтесті мәселелермен күресуге жол ашылады.
Источник: www.foodnavigator.com