Британдық Quorn компаниясы қазбалы отынға тәуелділік пен қоршаған ортаға тигізетін кері әсерді азайту мақсатында өз өндірісінде «жасыл» сутек технологияларын қолдану жоспарында барын жариялады.
Мұндай қызығушылық жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы өндірілген сутек көміртектен толықтай таза болуымен түсіндіреді. Ал оның электр энергиясына айналуынан жалғыз жанама өнімі су шығады. Сонымен қатар, Quorn компаниясының айтуынша, сутекті тасымалдау мен сақтау оңай.
Британдық климат өзгеру жөніндегі комитет сутекті өнеркәсіп пен көлік желілерінде отын ретінде де, үйлерді жылыту үшін де қолдануға болатын тұрақты дамудың негізгі элементтерінің бірі деп санайды. Ұлыбритания үкіметі 2050 жылға қарай тұтынылатын барлық энергияның шамамен 20-35% сутектен алынады деп есептейді.
McKinsey & Company агенттігінің мәліметтеріне сүенетін болсақ, соңғы бір жылда әлемде сутекке байланысты 131 ауқымды жоба жарияланған. Сонымен қатар, табиғи газдың тапшылығы мен оның қымбаттауы сутектің бизнес үшін нақты және тұрақты балама бола алады деген идеяны нығайта түсетін негізгі фактор болып табылады.
Quorn компаниясының айтуынша, алғашында өндіріс процестеріне қажетті табиғи газдың бір бөлігін жасыл сутекпен ауыстыру CO2 шығарындыларын жылына 13 200 тоннаға азайтады, бұл жолдардан 7 600 автомобиль азайғанмен тең. Компания 2040 жылға қарай нөлдік шығарындыларға қол жеткізуді жоспарлап отыр. Quorn компаниясында сутек, брендтерді дамыту үшін «революциялық» мүмкіндіктер береді деп санайды.
Дегенмен, сарапшылар «жасыл» сутек және оның көміртегі шығарындыларын азайту әлеуеті туралы айту жаңалық емес екенін айтады. Сутектің бағасы мен қолжетімділігі оның кеңінен таралуына әрқашан кедергі болды және осы жылдар ішінде сутек энергетикасы саласында көптеген сәтсіз жобалар болды. Қазір не өзгерді? Сарапшылардың пікірінше, Еуропадағы табиғи газ бағасының айтарлықтай өсуі компанияларды балама іздеуге мәжбүрлейді. Сутекті өндіру құны болса төмендеуде және тұрақты даму мақсаттары бизнес үшін бұрынғыдан да маңызды.
Дереккөз: http://www.foodnavigator.com