• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Жүрек

Кофеиннің қан-тамырға әсер етуіне байланысты көптеген зерттеулер бар, олар  мысалы, жоғары қан қысымы, жүрек аритмиясы немесе жүректің ишемиялық ауруы деген секілділер. Жалпы кейбір ғылымдардың кофеин мен кофеге қатысты әр түрлі жүрек-қан тамырлары аурулары арасындағы байланыстарды  көрсетуге  тырысқанына қарамастан, жақында жүргізілген зерттеулерде кофе мен басқа кофеинді сусындардың қалыпты мөлшерін (күніне 400 мг кофеин) қабылдаса нақты жағдайдағы жүрек-тамырлар жүйесі үшін ешқандай қауіп төндірмейді деген қорытынды жасаған.

Аталған деректерді басшылыққа ала отырып кофеинді қазіргі уақытта (мысалы, күніне 4-6 кесе кофемен бірге) тұтыну жүрек-тамыр ауруларына әкеліп соқпайды дегенді меңземейді. Америкалық кордиологялық қауымдастығы, Еуропалық гипертензия қоғамы (ESH) және Еуропалық кордиологиялық қоғамы және Америкалық гипертензия қоғамы сияқты ұйымдар тиісті нұсқаулықтарда кофеинді гипертензияның маңызды факторы деп айта алмайды. Кофеинді қалыпты мөлшерде тұтыну –  жүрек-тамыр жүйесіне теріс әсер етпейді. 2015 жылы Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі басқармасы кофеинді барлық тағамдық көздерден тәулігіне 400 мг-ға дейін қабылдау жалпы халықтың ішіндегі дені сау ересектер тұтынса жүрек-қан тамырларына қатысты қауіп тудырмайтынын растады.

Жүрекке байланысты туындайтын мәселелер

Энергетикалық сусындарда әдетте кофеин бір кесе кофе ішумен бірдей мөлшерде болды. Энергетикалық сусындардағы кофеинінің мөлшері тұтынушыға дұрыс таңдау жасай алатындай етіп жапсырмада көрсетілуі керек. Энергетикалық сусындардың құрамындағы ингредиенттерді тұтынғанда сенімсіздікке жол беріп қоятындай болса немесе тұтынушыда жүрекке қатысты белгілі бір проблема болса, дәрігермен кеңесу керек.

Жүрек ұстамасы

Жүрек ұстамасының маңызды  факторлары –  бойдағы бұрыннан бар жүрек-қан тамырлары аурулары, семіздік, жоғары қан қысымы, жеткіліксіз физикалық белсенділік және бұрыс өмір салты. Кофеинді қалыпты мөлшерде  қабылдау адам жүрегіне теріс әсер етпейді. Өнімде энергетикалық сусынның ингредиенттері көрсетілген. Олардың барлығы EFSA сияқты органдармен бекітілген тағамдық ингредиенттер болып табылады, сондықтан оларды еш алаңсыз пайдаланса болады. Энергетикалық сусындардағы кофеин мөлшері –  бір кесе кофенің құрамындағы кофейіннен аз болмаса көп емес.