• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Тамақ пен денсаулықтың арасындағы байланыс

Le Figaro француз газетінде тамақтану мен денсаулықтың байланысына қатысты жасалған ғылыми зерттеулер тақырыбын көтерген қызық материал жарық көріпті.

Журналистердің жазуынша, күнделікті БАҚ беттерінде ғалымдардың қандай да Бір азық-түлік өнімінің, не болмаса диеатаның адам денсаулығына тигізетін пайдасын яки зиянын дәлелдеген деректері жарияланып тұрады. Мысалы, шоколад адам жадын жақсартады, кофе өмірді ұзартады, бірақ сөйте тұра өкпе қатерлі ісігін тудыруы мүмкін, жерорта теңізі диетасы қуықасты безі қатерлі ісігінің дамуын шектейді және осы секілді басқа да материалдар жиі шығады. Кей ғылыми мақалалар ақтаса, енді бірі даттайды. Ондай қарама-қайшылықтың болуы да заңды. Өйткені тамақтың беретін әсері дәрінің әсерімен бірдей емес. Ол емнің қаншалықты тиімді екенін бағалағанда рандомдалған бақыланатын зерттеулерге емдік қасиеті жоқ, бірақ дәрі түрінде жасалған зиянсыз заттар тобын қолданған әдіске сүйене алмаймыз.

Биша ауруханасының эндокринологы Борис Ансельдің айтуынша, тамаққа келгенде әлгі «плацебо» эффектісін қоолдануға болмайды. Тамақтану кезінде бір ғана белсенді байланыстың қолданылатын кезі сирек. Көбіне тамақ құрамында болатын бірнеше заттың жиынтығынан құрылады. Осылайша бұл матрица белгілі бір рөл ойнайды. Айталық, дәруменді таблетка түрінде немесе өзге де нәрлі микроэлементтермен берген кезде оның беретін әсері екі түрлі болады.

Фарнциядағы Ұлттық дұрыс тамақтану бағдарламасын басқаратын профессор Серж Эркбергтің сөзіне сүйенсек, тамақтануға қатысты ғылыми материалдардың көбіне бақылаушы популяциялық зерттеулер негізінде жазылуына басты себеп — осы. Десек те, диета мен денсаулық арасында байланыс орнату үшін бір ғана зерттеу жүргізу жеткіліксіз. Аталған байланыстарды түсіндіре алатын, механизмдерін ұғындыратын бірнеше когеренттік және конвергенттік зерттеуді қажет етеді.

Жарияланым авторлары нәрлі затты жасушаларға орналастырып, болып жатқан процесті бақылау немесе оны тышқандарға беріп, олардың өмірінде не болып жатқанына анализ жүргізу өте оңай деп жазады. Бірақ бұл зертханалық модельді адамға ауыстыру мүмкін емес десе болады. Расында, айлар не жылдар бойы бір топ адамның диетасын бақылау өте қиын.

Сол себепті Лилльдегі Пастер институтының тамақтану бөлімінің жетекшісі Жан-Мишель Лесерфтің пікірінше, ең сенімді зерттеу — проспектив когорттық зерттеу. Олар популяцияларды қте ұзақ мерзім бойы зерттеп, алдымен олардың әдеттеріне сараптама жасайды, кейіннен денсаулығындағы проблемалардың туындауын бақылап, сол арқылы тамақ пен денсаулық мәселесі арасында байланыс орнатуға тырысады.

Эпидемиологиялық анализ бен мета-анализдің ішінде барлық зерттеу бар. Олар тамақтану мен денсаулық арасындағы байланыс күші мен қаншалықты сенімді екенін бағалауға мүмкіндік береді. Эпидемиологиялық зерттеудің аталған түрінің көмегімен қызыл ет пен шұжық өнімдерін жеу мен тоқ ішек қатерлі ісігі арасында байланыс болатыны анықталған. Сонымен бірге, ондай өнімді қандай мөлшерде жеу керек, шегі қандай, қандай межеден асырғанда қатерлі тәуекел болатынын да анықтауға мүмкіндік туған.

 

 

Дереккөз: inopressa.ru