• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Кофеинге тәуелділіктің оның эргогенді қасиетіне әсері

«Кофеинге тәуелділік оның эргогенділігін төмендете ме?» деген тақырыпта ғылыми зерттеулер аз, ал олардың нәтижелері көбіне қарама-қайшы болып келеді. Халықаралық ғалымдар кофеинді тұтынуға деген тәуелділіктің оны футбол матчын симуляциялау кезінде көп мөлшерде ішкеннен кейін дененің жұмыс жасау қабілетіне және биологиялық көрсеткіштеріне қалай әсер ететінін тексерді.

Экспериментке 20 кәсіби футболшы ер адам қатысты. Олар күнделікті өмірде кофеинді көп және аз тұтыну дейгейіне қарай екі топқа бөлінді. Спортшылар кофеинді немесе плацебо қабылдағаннан кейін (дененің 1 кг салмағына 6 мг есебінен) футбол ойынын модельдейтін жаттығулар жасады. Жаттығу барысында бірқатар көрсеткіштері бағаланды.

Плацебомен салыстырғанда кофеинді қабылдағаннан кейін шаршауға дейінгі уақыт, секіру биіктігі, орташа артериалдық қысым, жүрек соғысының жиілігі және плазмадағы глюкоза деңгейі жоғарырақ, ал қабылданған жүктеме бағасы төменірек болған. Осы ретте жоғарыда аталған спортшылар тобы арасында қандай да бір айтарлықтай айырмашылық байқалған жоқ. Басқаша айтқанда, кофеинді тұтыну әдеті – жаттығу кезінде жүрек-қантамыр және жүйке-бұлшық ет көрсеткіштерін жақсарту үшін кедергі емес.

Дереккөз: http://doi.org/10.1007/s00394-022-02955-3