• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

EFSA – Қант қауіпсіздігін бағалаудың жаңа жолы


Азық -түлік қауіпсіздігі бойынша Еуропалық агенттігі (EFSA) қант тұтыну қауіпсіздігінің бағалауын жаңартты. Соңғы бағалауды агенттік 2010 жылы жариялаған болатын.  Скандинавияның 5 елі Дания, Финляндия, Исландия, Норвегия мен Швецияның сұранысы бойынша зерттеу қайта жүргізілді. EFSA қантты тұтыну мен әртүрлі аурулардың, соның ішінде семіздік, 2-типті қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, тісжегісі сияқты аурулардың дамуы арасындағы байланысты іздеу бойынша қолданыстағы ғылыми әдебиеттерді мұқият талдады.

EFSA аталмыш тақырып бойынша 30 000-нан астам ғылыми жарияланымдарды талдады. Агенттікке қойылған негізгі сұрақтардың бірі қантты «тұтынудың қолайлы деңгейін» анықтау мүмкіндігі болды, яғни қантты тұтынудың денсаулыққа зиян келтірмейтін деңгейін анықтау. Сарапшылардың пікірінше, мұндай «қолайлы деңгейді» анықтау үшін қанттың денсаулыққа кері әсерін тигізбейтін мөлшерін анықтау қажет. Қазіргі уақытта ғылыми деректер жоқ болғандықтан, EFSA ғалымдары қант тұтынудың «қауіпсіз» деңгейін анықтай алмады. Сондықтан қосылған және бос қанттарды тұтыну мүмкіндігінше төмен болуы керек деген қорытындыға келді.

Алайда, агенттік біздің диетамыздағы қанттың түрлері мен ауру қаупі арасындағы байланысты растай алды. Қант түрлері рационда жемістерде, көкөністерде немесе сүтте кездесетін табиғи қанттардан басталып, тағамдар мен сусындар өндіру кезінде қосылған және бал немесе жеміс шырындарында болатын бос қанттарға дейін болады.

EFSA сарапшыларының пікірінше, аурудың пайда болу қаупі қант қосылған сусындарды тұтынумен байланысты. Бұл жағдайда семіздік, 2-типті қант диабеті, гипертония және жүрек-қан тамырлары ауруларымен байланыс 75-100% сенімділікпен «жоғары» деп бағаланды. Ал тәтті сусындарды тұтыну мен бауыр ауруларының арасындағы байланысты анықтау қиынырақ болды, яғни тек 15-50% сенімділік бар. Жеміс шырынын тұтыну зардаптары салыстырмалы түрде азырақ, ал 2-типті қант диабеті үшін «орташа» сенімділік деңгейін көрсетті.

EFSA ғалымдары қолданыстағы ғылыми дәлелдерді талдағанын және тамақтану немесе денсаулық саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша ұсыныстар бермейтінін баса айтты. Болашақта мүдделі елдердің мемлекеттік органдары тиісті саясатты дербес анықтауға мәжбүр болады.

Дереккөз: www.foodnavigator.com