• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Тамақтану әдеттері және қоғамдық көліктер

Аустралияда тамақтану әдеттері бойынша қызықты зерттеу жүргізілді.

Аустралиялық ғалымдар жастардың артық салмақ қосудағы осалдығына алаңдап, бұған жастардың жиі «жолда тамақтануы» ықпал етуі мүмкін деп санады. Өз болжамдарын тексеру үшін авторлар жастардың қоғамдық көлікте жүргенде  тамақтану тәртібін зерттеді.

Зерттеуге 18-30 жас аралығындағы 78 адам қатысты. Әрқайсысы 30 секунд сайын суретке түсіретін камерамен жабдықталған болатын. Қатысушылар 3 күн бойы камераларды орта есеппен 8 сағат киіп жүрді, ал алынған кескіндер олардың физикалық белсенділіктерін (көлікте жүруді қоса) және тамақ пен сусынның тұтынылуын бағалау үшін пайдаланылды.

Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, қатысушылардың 67%-ы қоғамдық көлікте жүргенде тамақ және сусындар ішкен (суды санамағанда). Орташа алғанда, үш күн ішінде бір адам үш рет тамақ пен сусын тұтынды.

Авторлардың айтуы бойынша, олардың жұмыстары жастардың саяхат кезінде жиі ішіп-жейтінін растайды. Бұл калориясы жоғары және сапасы төмен диеталарға әкеп соғады  Ғалымдар қоғамдық көліктердегі зиянды тамақ пен сусындардың жарнамасын пайдалы тамақтануға арналған жарнамамен ауыстыруды немесе қоғамдық көліктерде тамақ және сусын ішуге мүлдем тыйым салуды ұсынады.

Дереккөз: doi.org/10.1007/s00394-020-02380-4