Бірқатар сарапшылардың пікірінше, тұтынушылар азық-түлік жапсырмасын оқып, ингредиенттер тізімі қысқа және құрамында табиғи шыққан ингредиенттері бар «таза жапсырмалы» өнімдерді көбірек іздейді. Жасанды немесе «химиялық» ингредиенттер жағымсыз деп қабылданады, сонымен қатар кейбір тұтынушылар өздеріне қажетсіз деп санайтын ингредиенті бар өнімдерден бас тартқысы келеді.
Бельгиядағы Puratos компаниясының зерттеулеріне сүйенсек, қазіргі таңда “таза жапсырма” тұтынушылар арасында нөмірі бірінші тренд болып саналады. Сатып алушылар өндірушілерден ашық коммуникация күтеді, себебі денсаулығына көбірек көңіл бөлу және ас тағамдары неден жасалатынына мән аудара бастау адамдарды жаспырмаларды мұқият оқуға әкеп соқты.
Компанияның мәліметтері бойынша тұтынушылардың 86% жапсырмаларды оқып, 36% консерванттар туралы ақпаратқа, ал 33% жасанды түстер мен хош иістер туралы ақпаратқа аса назар аударады. Сондықтан Puratos компаниясының барлық өнімдері үшін таза жапсырма бірінші кезектегі басымдық. Соның бір мысалы – эмульгаторларды қолданбай-ақ оны жаңа әрі жұмсақ етіп ұстайтын нан пісірудің жетілдірілген ферментативті технологиясы.
Таза жапсырмаларға аса назар аударатын тағы бір өндіруші – Délifrance француз нан пісіру компаниясы. Компания өз өнімдерінде «жасыл» тізімнен таңдалған тағам қоспаларын ғана қолдануға, сутектендірілген майларды пайдаланбауға, сертификатталған пальма майы мен бос жұмыртқаларды ғана қолдануға тырысады.
Алайда, Délifrance барлық рецептураларды соншалықты толығымен оңтайландыру мүмкін емес екендігін, сондай-ақ компания бірқатар өнімдерінде «қызғылт сары» тізімнен қоспаларды қолдануды жалғастырып келе жатқандығын, соған қарамастан жасанды түстер мен хош иістен аулақ болуын атап өтті.
Дереккөз: www.foodnavigator.