• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Цитрус шикізаты жоқ цитрус хош иістендіргіштері

IFF компаниясы цитрустық молекулалар мен майлары жоқ цитрус хош иістендіргіштерін әзірледі. Өндіруші жаңа өнімдер тиісті шикізатты жеткізу кезіндегі қиындықтармен күресуге көмектеседі деп санайды.

Цитрустар сусындар үшін маңызды дәм қоспасы болып табылады, алайда бұл жеміс түрлерімен жұмыс істеу кезінде кейбір қиындықтар туындайды. IFF мәліметтері бойынша, қордың жетіспеушілігінен жаһандық цитрус жеткізілімі бұзылуы мүмкін. Тіпті цитрус майларымен жұмыс кезінде хош иістендіргіштердің тұрақтылығы мен ерігіштігі жағынан қиындық туындауы мүмкін.

Осы қиындықтарды болдырмау үшін IFF цитрус молекулалары мен майлары жоқ цитрус хош иістендіргіштерін әзірледі. Компания жаңа өнімдердің өзіндік дәмге қол жеткізуге мүмкіндік беретін «табиғи» молекулаларға негізделгенін айтады.

Компания жеміс-жидек иістеріне қолжеткізу үшін өз әзірлемелерін бірінші рет пайдаланып отырған жоқ. Қазіргі уақытта шикізат үшін тиісті жемістерден тәуелсіз табиғи хош иістендіргіштерді өндіру тәжірибесі кең таралған. Дегенмен, керекті цитрус реңктерін алу әрқашан қиын мәселе болатын.

IFF әртүрлі аймақтардағы адамдардың талғам ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа желіні әзірледі. Компания хош иістендіргіштердің сусын, кондитерлік өнім және өсімдік тектес өнімдермен жақсы үйлесетінін атап өтті. Оған қоса олардың ерігіштігі мен тұрақтылығы жоғары, сонымен қатар жоғары концентрацияға жету мүмкіндігіне ие. 

Дереккөз: http://www.foodnavigator.com