Калифорнияның Cove стартапы бірнеше жыл бойы биопластикадан бөтелке жасап келеді, ол өздігінен қоқыста немесе мұхитта ыдырайтындықтан оны кейін қайта өңдеудің қажеті жоқ.
«Суға арналған бірінші биоыдырайтын су бөтелкесі жақында пайда болады! Бұл анық!» – деген тақырыппен Bloomberg басылымында мақала жарияланды. Бұл Cove компаниясының өз өнімін нарыққа шығаруға үшінші талпынысы. 2019 жылғы ақпан айында компания биоыдырайтын бөтелкелердің сол айда дүкендерге түсетініне сөз берген болатын. Бірақ ол орындалмады. 2020 жылғы қазанда бөтелке Жаңа жылдан кейін қолжетімді болатыны айтылды. Пандемия кезінде логистикалық мәселелерге байланысты тағы кейінге қалдырылды.
Cove өкілдерінің айтуынша, революциялық өнімнің шығарылуына әз қалды. Дегенмен, сатылымға шығатын күн әлі нақты емес. Алайда биоыдырайтын бөтелкенің бағасы данасына 3 долларға жуық болатыны белгілі.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай бөтелкелерді револиция болып-болмайтыны белгісіз. Түрлі елдерде биоыдырайтын пластиктерге зерттеулер жүргізіліп жатыр, бірақ оның жасалу технологиясы ғана емес, оны кеңінен тарату басты мәселе болып отыр, өйткені соңында бәрі бағаға тіреледі. 3 долларлық бөтелке құнын тіпті экология жанашырларының қалтасы көтере бермеуі мүмкін. Дегенмен, бөтелке нарыққа шығып, кеңінен таралса, өзіндік құны түсіп, қаптама шынымен де сұранысқа ие болуы мүмкін.
Cove бөтелкесінің материалы биосинтез жолымен алынатын биоыдырайтын пластик болып табылады. Шикізат ретінде қолданылған өсімдік майы алынады. Мұндай пластик табиғи ортада бес жыл ішінде толығымен суға, көмірқышқыл газына және компостқа айналады. Бірақ оның кемшіліктері де бар: жоғары баға және механикалық беріктігінің әлсіз болу. Салқындаған кезде биоыдырайтын пластик сынғыш болса, жылытқанда тым жұмсақ болуы мүмкін. Cove компаниясы бөтелкелерді пайдалануға келісетін серіктесті әлі таппады. Дегенмен, инвесторлар Cove компаниясына сенім артады. Стартап 2018 жылдан бері 20 миллион доллар жинады.
Мұндай өңдеулерді бірегей деп айтуға болмайды, орауыш өндірісі үшін биоыдырайтын пластикті пайдалану саласындағы зерттеулер Ресейде де жүргізілуде. Мұндай қаптама өткен ғасырда пайда болған. 1990 жылы британ ICI компаниясы бактерия мен глюкоза қоспасынан жасалған биоыдырайтын пластикті жариялаған болатын, оны әзірлеуге 15 жыл кеткен. 1991 жылы Германия ұқсас материалдан жасалған сусабын бөтелкелерін шығара бастады. Бірақ бірнеше жылдан кейін британдықтар барлық жұмыстарын тоқтатып, тиісті патенттерді Monsanto компаниясына сатып жіберді.
Біраз уақыттан кейін ол компания да осы саладағы зерттеулерін тоқтатты. Бүгінгі күні Biopol пластикалық сусабын бөтелкелерін тек ғылыми мұражайлардан көруге болады.
Дереккөз: http://bfm.ru