• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Бактериялар және пластик қалдықтарын қайта өңдеу


Қазіргі тамақтану өнеркәсібіндегі ең маңызды мәселелердің бірі – пластик өндірісінің өсуі және оны кәдеге жарату мен қайта өңдеу мәселесі. Мүмкін, Ұлыбритания ғалымдар тобы бұл мәселенің шешімін таба алды.

Пластик қалдықтарының көлемі ұлғайып келе жатқандықтан, айналмалы экономиканы енгізу үшін әлемге пластикті қайта өңдеудің тиімді, арзан технологиялары қажет. Эдинбург университетінің ғалымдары тамақ өнімдерінде, сусындар мен су қаптамаларында жиі қолданылатын полиэтилентерефталатты (ПЭТ) конверсиялаудың жаңа әдісін ойлап тапты.

Зерттеушілер E. Coli (ішек таяқшасы) ПЭТ-ті ванилинге (дәмі мен хош иісіне жауапты  ваниль дәнінің сығындысының негізгі компоненті) айналдыруға болатынын анықтады.

Ванилин тамақ және косметика өнеркәсібінде, сонымен қатар гербицид, көбіктендіргіш пен тазартқыштар өндірісінде кеңінен қолданылады. Ғалымдар олардың әдісімен алынған ванилин тұтынуға жарамды екенін айтады, бірақ бұл мүмкіндік қосымша тексеруді қажет етеді.

Бұл зерттеу пластик қалдықтарын өнеркәсіпте бағалы химиялық қоспаға өңдеудің биологиялық жүйесін қолданудың бірінші мысалы. Авторлардың пікірінше, бұл зерттеу пластик өнеркәсібінің тұрақты дамуына үлкен үміт сыйлайды.

Дереккөз: 10.1039/d1gc00931a