«Дүниежүзілік азық-түлік күні: жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі» атты пресс-конференцияда биылғы жылдың азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелері және аштық пен аз тамақтану мәселесі талқыланды.
РФ-мен байланысқа жауапты ФАО-ның бөлім директоры Олег Кобяковтың айтуы бойынша, бүгінгі таңда ФАО-ның назары 4 бағытты, яғни өндірісті, тамақтану сапасын, қоршаған ортаны жақсартып, әлем халқын жақсы өмір сапасымен қамтамасыз етуге бағытталады.
ФАО және серіктес ұйымдардың жылдық есебі бойынша былтыр аш адамдардың саны 828 миллионға жеткен. Планетамызда үш миллиардтан астам адамның пайдалы тамақтану мүмкіндіктері жоқ. 2030 жылға қарай 670 миллион адам аштықта өмір сүруі мүмкін. «Соңғы үш жылғы келеңсіз үрдістер қарқын мен прогрестің баяулағанын көрсетеді. Бұл жағдайды түзету үшін халықаралық қауымдастық, жекелеген мүше елдер деңгейінде түбегейлі еңбек қажет болады. Бүгінгі күні екі аймақтық ашаршылық ошағын қоса алғанда 20 ел немесе аймақта азық-түлік қауіпсіздігі одан әрі нашарлай түсуі мүмкін», – деді Олег Кобяков.
Сарапшы ФАО-ға мүше елдердің стратегиялық міндеттеріне тікелей қатысы бар негізгі бағыттар бойынша атқарылатын шараларды тізіп берді. Ол көбіне азық-түліктің ірі өндірушісі де, ең көп тұтынушысы да болып табылатын ең мұқтаж елдерге (бірінші кезекте) инвестиция салу қажеттігін атап өтті. Азық-түліктің қолжетімділігін арттыру үшін жергілікті өндіріске көбірек көңіл бөлу керек. Мәселен, төтенше жағдайларда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген жалпы қаржыландырудың тек 8% ғана ауыл шаруашылығы өндірісін қолдауға бағытталған. Дағдарыс жағдайында, әрине, физикалық және экономикалық тұрғыдан азық-түлікке қолжеткізе алмайтын халықты тамақтандыру керек, бірақ ұзақ мерзімді перспективада азық-түлік қауіпсіздігін тек ауыл шаруашылығы өндірісіне инвестиция салып, инновациялар мен жаңа технологияларды дамыту арқылы ғана шешуге болады.
Азырақ ресурс пайдаланып, көбірек сапалы өнім шығару қажет, өйткені 2050 жылға таман әлемдегі халық саны 9 миллиардқа жетеді, – деп түйіндеді баяндамашы. Бірден қол жеткізуге болатын нәтижелердің қатарында тамақ қалдықтарын айтарлықтай азайту кіреді. «Бір жағынан ғылым мен жаңа технологияның агроазық-түлік тізбегіне кеңінен кіруін күтеміз, екінші жағынан, халықты ақпараттандыру мен ұтымды тұтыну бойынша қоғамнан көмек күтеміз», – деді сарапшы.
Дереккөз: http://drinkinfo.ru