2020 жылы бастан өткерген оқиғалар эмоциналдық әрі физикалық күйзеліске ұшыратты. Соған байланысты тұтынушылардың физиологиялық қажеттіліктерін ғана емес, менталды денсаулығына да оң әсер ететін азық-түлік пен сусындардың өндірісі қажет екені анық байқалды.
Rabobank компаниясының сарапшыларының пікіріне сүйенсек, COVID-тің таралуы жалпы тағам секторына түгелдей әсерін тигізіп, мүлдем жаңа тұтынушылық трендтерді тудырды. Міне, солардың бірі — функционал сусындарға деген сұраныстың артуы. Себебі олар менталды әрі эмоционалдық жай-күйді реттейді. Әрі бұл трендтің екі негізгі құрамдас бөлігі бар. Олар: күйзеліспен күресіп, көңіл-күйді жақсартуға көмектесетін сусындарға деген қызығушылықтың артуы, сондай-ақ, тұтынушылардың баршаға жақсы таныс әрі уақыттың екшеуінен өткен брендтерге қайта оралуы.
Rabobank сарапшылары пандемияның электронды сауданың маңызын да көрсеткенін айтып отыр. Тұтынушылар үшін вирус өршіп тұрған кезде онлайн сауда жасау мүмкіндігінің болғаны өзінің менталды денсаулығын сақтаудың да, уақытын үнемдеудің де бір жолына айналды. Десек те, электронды сауданың әрмен қарай қарыштап дамуы үшін қатысушылар тарапынан жаңашылдықты, маркетингтік және коммуникациялық стратегияларын қайта қарауды талап етеді.
Дереккөзі: www.foodnavigator.com