• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Цитрус қабығының үгіндісінен жасалған пластик бөтелкелер

Финляндиядағы VTT Техникалық зерттеулер орталығы құрамында ауылшаруашылық қалдықтары бар пектинді қолданудың тың әдісін ойлап тапты. Атап айтқанда, цитрус қабығының үгіндісі мен қант қызылшасының сығындысын полиэтиленфураноат (ПЭФ) негізіндегі пластиктер өндірісіне қолданады. Мұндай ПЭФ пластиктер қазындылардан алынатын полиэтилентерефталаттың (ПЭТ) баламасы бола алады.

Зерттеушілердің мәліметтеріне сүйенсек, ПЭФ полимерлерін пластик бөтелке үшін қазір кеңінен танымал ПЭТ-тің орнына қолданудың пайдасы зор. Себебі соның арқасында көміртек іздерді 50 пайызға қысқартуға болады екен. Бүгінде ПЭТ және өзге де полиэфирлерді бірлестіре отырып, палстик бөтелкелер, тағам қаптамалары мен текстиль үшін пайдаланады. Бұл дегеніміз оның жылдық көлемі шамамен 30 миллион тонна екенін білдіреді. Ендеше, көміртек ізін азайтуға мүмкіндік беретін тәсілге тиісті бағасын беру шарт.

Бұдан бөлек, ПЭФ-тен жасалған бөтелкелердің ішіндегі сусындардың тұтыну мерзімі де ұзара түседі. Өйткені ПЭТ-тегіге қарағанда, ПЭФ-тегі кедергі қасиеттер асып түседі. Сол себепті апельсиннің қабығынан жасалған бөтелкеде апельсин шырынан ішіп отыратын күннің де ауылы алыс емес көрінеді.

Дереккөзі: www.foodnavigator.com