• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Тәтті сусындардың сыртындағы ескертпе жазулардың рөлі туралы

АҚШ-та ғалымдар студенттер арасында мынадай қызық зерттеу жасапты. Тәтті сусындарды тұтынушыларға оның сыртындағы ескертпе жазулардың қандай да бір әсері бола ма, жоқ па — соны тексерген.

Зерттеуге университеттің кампусы түгел қатысқан. Ол жердегі үш асхананың біреуіндегі автоматтардың тәтті сусындарында қантты шамадан тыс тұтынудың зиян екенін және үйлестірілген тағамның маңызы туралы ескертпе ақпарат жазылады. Ал қалған екі асханадағы автоматтарға ондай ескерту жазылмаған, осылайша бақыламақшы болады. Қатысушы студенттер әлгі ескертпе жазулардың пайда боларынан екі ай бұрын және жазылғаннан кейін 2 ай ішінде сусындарды қаншалықты ішкені жайлы есеп беріп жүреді.

Нәтижесінде, ескертпе жазулары бар асханада тәтті сусын алатындардың үлесі19 пайызға азайған. Ең қызығы, тіпті жүз пайыздық жеміс шырыны тәтті сусынға жатпаса да, оны ішетіндердің үлесі де 21 пайызға төмендеген. Осылайша, авторлар ескертпе жазулардың әу бастағы зерттеу мақсаты үшін тиімді тәсіл екеніне тоқталып, осындай қорытындыға келіпті.

Дереккөзі: doi.org/10.1093/jn/nxaa305