• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Кофеині жоқ энергетикалық сусындардың тиімділігін бағалау

АҚШ ғалымдары энергетикалық сусынды кофеинсіздендіруге қатысты өте қызық, айқасқа толы зерттеу жүргізген.  

Зерттеу авторлары бүгінде танымал сусындардың бірі – кофеинсіз энергетикалық сусынның қаншалықты тиімді екенін тексермек болады. Ол үшін сынаққа қатысушылардың көзі байланып, аталған энергетикалық сусын мен ешқандай сергітетін компоненттері жоқ сусын ішкізеді. Артынша өзіндік берілетін баға мен когнитив тестілер көмегімен қаншалықты энергияға толы тұрғанына қатысты субъектив пікір алынады. Одан бөлек, реакция жылдамдығы мен зейіні де тексеріледі.  

Бұл зерттеуге әр түрлі жастағы 200-ге тарта ер мен әйел қатысады. Қорытындысы тіпті қызық. Көпшілігі кофеині жоқ сусын мен біртекті сусынның арасында аса айырмашылық байқамағанын айтады. Осыдан барып ғалымдар кофеині жоқ энергетикалық сусынның тиімді емес екеніне қатысты байламға келеді. Мұндай нәтиже белгілі бір энергетик рецептурасына негізделіп, тестілеу әдіснамасы қолданылды ма, әлде басқа факторлар бар ма – белгісіз. 

Дереккөз