• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Кетондар қосылған сусындар: кәсіби спортшылар бастаған, бұқара халық қостаған

Құрамында кетондары бар сусындарды алғаш рет АҚШ ғалымдары 2000 жылдары шығарған. Оксфорд университетінің профессоры Киран Кларк пен Ұлттық денсаулық институтының дәрігері Ричард Вич инновациялық, энергетикалық тиімді азық бола алатын өнім жасауға бел буады. Сол арқылы адам бірнеше күн бойы физикалық әрі ділдік белсенділікке қол жеткізе алатын болса деп мақсат қойды.  

Міне, сол уақыттан бері құрамында кетоны бар сусындар кәсіби спорттан ойып тұрып орын алады. Мәселен, төзімді одан әрмен арттыратын сусынның арқасында голландиялық Jumbo-Visma командасы нәтижесін едәуір жақсартады. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның тыйым салынған заттар тізімінде кетондар жоқ. Сондықтан кеңінен қолдана беруге болады. Әйтсе де, кейбір велокомандалар әдеп тұрғысынан алғанда кетондарды қолдану жөн емес деп есептеп, ішуден бас тартады. 

Спорт әлемінде мойындалған кетондары бар сусын жаппай қолданысқа енгізілсе, дәл солай мол табысқа кенелте ала ма? Профессор Клрактың пікіріне сүйенсек, әдбен мүмкін деседі. 

Адам ағзасына көмірсу жетіспеген кезде кетондар табиғи түрде бауырда бөліне бастайды. Осылайша жедел энергия көзіне айналады. Спортшыларға мұндай сусындардың көмектесетін себебі де сол – энергитикалық ресурсқа бай.  

Профессор Кларктың сөзінше, кетондар төзімнен бөлек, “миға азық” бола алады екен. Бауырда майлар кетондарға айналғанда, олар миды энергиямен азықтандырады. Бұл болса, кез келген адамға жағымды әсер етеді. 

Кларк кетондары бар сусындарды бұқаралық қолданысқа енгізудің табысты болуы мүмкін десе де, қазіргі таңда ең басты кедергі оның дәмі мен бағасы болып отыр. Мұндай сусынның дәмі онша емес. Құдды алкоголь ішкендай боласыз. Ондай дәм екінің біріне ұнамауы мүмкін. Ал бағасына келсек, әдепкі функционал сусындардың бағасын он орайды. Демек, қарапайым тұтынушының қалтасына сай келмейді. 

Дереккөз