• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Жаңа Зеландия жасалған коллаген қосылған су

Жаңа Зеландияда қызық өнім нарыққа шықты.

Adashiko және Parker Beverages компаниялары бірлесе отырып, коллагенді сусындар нарығынан ойып тұрып орын алу мақсатында әлемге коллаген қосылған функционал су шығарып, таныстырды. Мұны «су» деген дұрыс па, әлде «сусын» деген жөн бе, білмедік.

Бұл өнім Adashiko Collagen Refresh деп аталды. Ол таза коллаген мен артезиан суынан, ешқандай консервант, ароматизатор, бояғыш не өзге де таамдық қоспаларсыз жасалған. Өндірушілер тазартылған коллагеннің суға тәтті әрі жеңіл дәм береді деп сендіріп отыр. Әрі кермек дәмді жасыру үшін қандай да бір қоспаларды қосудың да қажеті жоқ деседі.

Өздерінің жаңадан шыққан сусындары арқылы компания премиум-класстағы бөтелке суы индустриясын қайта жандандырып, көпшілікті функционал сусындармен таныстыруды мақсат етіп отыр. гостеприимства.

Дереккөзі: foodbev.com