• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Аустралиялық блогер газды сусынға тәуелділіктен құтылды

Аустралиялық блогер Рохит Ройгрдың басынан өткен қызық оқиға туралы айтып берейік. 

Ройгр аз уақыт бұрын газды және энергетикалық сусындарға тәуелділігі барын мәлімдеген еді. Атап айтқанда, күніне коланың 2 құтысын ішеді, энергетикалық сусынның біреуін төрт секундта тауысып тастайды екен. Дәрігерлер мұндай жаман әдеттен тыйылуға кеңес береді. Сөйтіп Ройгр күн сайын қалай күресіп жатқаны туралы видеоесеп жасап тұруға бекінеді.

Алдымен блогер өзіне газды сусынның бір құтысын демалыста ішуге ғана рұқсат етеді. Артынша ол әдетін де қояды. Ройгрдың айтуынша, газды сусындарды ішпеуге бекінген алғашқы 9 күннің өзінде бет терісінің түсі өзгеріп, іш ауруы қояды. Спортпен шұғылданып, тамағына ден қоя бастайды.  

Сөйтіп араға жүз күн салып, блогер газды сусынды мүлдем ішуді қойғанын, өзін әлдеқайда жақсы сезінетінін айтып, видео түсіреді. Енді осы ретте мынадай сауал туындайды: Ройгрға жағымды әсер еткен не? Газды сусындардан бас тартқаны ма, әлде күнделікті сүйікті іспен шұғылданғаны ма? Бәлкім, спорт, дұрыс тамақтанғаны көмектескен болар? Бұған нақты жауап жоқ. 

Дереккөз: crispy.news