Жақында аспартам деп аталатын тәттілендіргіштің қолданылуы туралы қызу талқы болды.
Аспартамның әлемдегі ең белгілі жасанды тәттілендіргіш екені баршаға мәлім. Күнделікті азық-түліктің, соның ішінде сусындардың құрамында жиі кездеседі. Десе де, ұлыбританиялық профессор Эрик Миллстон мен дәрігер Элизабет Доусон еуропалық реттеушілердің аспартамды азық-түлік өндірісіне қолдануға рұқсат еткенін сынға алды. Себебі осы аспартамның тұтынушыларға кері әсер ететінін көрсететінін 21 зерттеу нәтижесі қолда бар.
Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі агенттігі (EFSA) 2013 жылы аспартамды тәптіштеп зерттеп, баға берген еді. Оның ішінде жоғарыда атап өткен, 21 зерттеу жұмысы да бар. Соның нәтижесінде Еуропалық Одақты оның қолданылуына рұқсат берген болатын. Британ ғалымдары болса, осыған дейін жүргізілген көптеген ғылыми жұмыстардың қорытындысы бойынша, аспартамды қолданғанның кесірінен рак туындап, түрлі неврологиялық бұзылыстар пайда болуы мүмкін екені дәлелденген. Ендеше, осы деректің бәрін біле отыра, EFSA неліктен оған тыйым сала алмады деген ойға қалып отыр.
Десек те, EFSA айтқанынан қайтпай отыр. Олардың пікірінше, аспартамды қолданудың қазіргі нормасы тұтынушылардың денсаулығын қорғауға қауқарлы деседі. Әрі тыйым салуға еш негіз де жоқ дейді. Ұлыбританияда құзіретті органдар тіпті «брекзиттен» кейін де аспартамды рұқсат етілген тағамдық қоспалар тізімінен алып тастауды жоспарлап отырмағанын айтып отыр.
Дереккөзі: www.foodnavigator.com