Алайда ол талпыныстары аса нанымды емес
“Біз тәттіні жиі тұтынамыз, бірақ ол туралы білмей де жатамыз”. Бұған Калифорниядағы ғалымдар сенімді. Роберт Лустиг есімді профессордың айтуынша, 600 000 қапталған тамақтардың 80 пайызының құрамында қант бар. Лустигтің COVID-19 емес, қанттың адамзат үшін қауіпті деп ойлайтыны сөзсіз.
Жалпы алғанда, оның ойын парапсихологтардың оқи бергені дұрыс. Ал біз болсақ, оқырмандарға алкогольсіз сергіткіш сусындардың да құрамында көп мөлшерде қант болатынын еске саламыз. Бірақ энергетиктердің айтарлықтай өлімге себепкер деуге келмес. Айталық, биыл бүкіл әлем түрлі себеппен уайымға беріліп жатқан сәтте дәрігерлердің нұсқауымен мұндай сусындарды ішкен қайта пайдалырақ.
Қант адамға қуат береді. Мөлшерін білсеңіз, ауыр дертке шалдыққандардың да көңіл-күйін көтере алады. Осы порталдың негізін салушылардың пікіріне сүйенсек, сауатты әрі көзі ашық адамдарға дәл қазір ең керегі – қуаныш энергиясы.
Ғасырлар бойы қант көптің қолы жете бермейтін деликатес саналып келді. Себебі оны бақуатты адамдар ғана жей алатын. Қазіргі таңда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) күніне шамамен 25 грамдай қант жеу керек дейді. Бұл дегеніміз жылына 9 келідей деген сөз. Ал ресейлік денсаулық сақтау жүйесінің өлшемі сәл басқаша. Мұндағы медицина қызметкерлері қант адамның күнделікті тамағының 10 пайызынан көп болмайтындай мөлшерде желінуі керек деген пікірде. Денсаулыққа орасан зиян келтіретін заттарға келсек, оларға қатысты сандар ойға қонымды. Соған байланысты біздің диетологтарға ду қол шапалақ ұруға болады. Осы айтылған сөздің арқасында энергетиктердің анау айтқандай зиян емес екенін түсінетін болар деп үміттенеміз. Әйтпесе, атынан ат үркитін небір америкалық ғалымдар дабыл қағып, қорқыта береді.
АЙТПАҚШЫ:
Алкогольсіз сергіткіш сусындар жайлы ел арасындағы аңызға сенбейтіндерге қаптаманың сыртындағы жазуды жақсылап оқуға кеңес береміз. Ешқандай қарсы көрсетілімдері жоқ адам үшін бір күнде бір құты ішкенде тұрған ештеңе жоқ. Спортшыларға, психоэмоционал жүктеме кезеңін бастан өткеріп жүрген адамдарға, сонымен бірге дәмді, түрлі функционал сусынсүйерлерге ішуге ұсынылады.