Энергетикалық сусындар 25 жылдан астам уқыт бұрын пайда болған. Олар Еуропалық Одақтың барлық елдерін қосқанда 165-тен астам елде сатылады. Дүние жүзіндегі денсаулық сақтау органдары энергетикалық сусындар құрамындағы ингредиенттер денсаулыққа қауіпсіз деген қорытындыға келді. Энергетикалық сусындардың құрамдас бөліктері – кофеин, таурин және дәрумендер. Энергетикалық сусындарда үйде дайындалған бір кесе сүзілген кофенің құрамындағыдай кофеин мөлшері бар. 2009 жылы Еуропалық тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі агенттігі (EFSA) энергетикалық сусындардың ингредиенттері туралы ғылыми пікірін жариялады, онда жалпы алаңдауға негіз жоқ деген қорытынды жасаған. Жақында, 2015 жылғы 27 мамырда EFSA барлық диеталық көздерді саралай келе, қосымша (кофеиннің қауіпсіздігі туралы ғылыми пікір) кофеин қабылдаудың қауіпсіз деңгейін бекітті, соның ішінде энергетикалық сусындар да қалыс қалған жоқ. EFSA мәліметтері бойынша, ересектер үшін тәулігіне 400 мг кофеин, сондай-ақ, жасөспірімдер үшін дене салмағының 3 мг / кг пайдаланылса қауіпсіз деп саналады. Яғни дене салмағына байланысты жасөспірімдер тәулігіне 1-2 құты (250 мл) қалыпты энергетикалық сусын ішуге болады.
Барлық энергетикалық сусындардың ингредиенттері, соның ішінде кофеин және оның мөлшері өнімнің затбелгісінде көрсетілген.
Энергетикалық сусындарды тағы кімдерге ішуге рұқсат екенін білгіңіз келсе, қосымша ақпаратты мына жерден алуыңызға болады.