• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Аңыздар мен стереотиптер

Дұрыс емес.

Энергетикалық сусындардың басым бөлігі бір шыны кофенің құрамындағы кофеин мөлшерінен де аз.

Жалған.

Энергетикалық сусындар, олардың құрамы мен таңбалануы толығымен Еуразиялық экономикалық одақ аясында реттеледі («Регламент» бөлімін қараңыз).

Жалған.

Энергетикалық сусындағы кофеиннің нақты мөлшерін анықтаудың бірнеше жолы бар. Энергетикалық сусындардың жапсырмасындағы мазмұнында кофеиннің жалпы мөлшерін көрсету заңмен талап етіледі. Сонымен қатар, бұл ақпарат компаниялардың және / немесе өнімдердің веб-сайттарында, сондай-ақ өндірістік компаниялар ұсынатын жедел желілерде қол жетімді.

250 мл энергетикалық сусынның құрамында алма, апельсин шырындары немесе кәдімгі алкогольсіз сусынға пара-пар қанттың мөлшері бар. Энергетикалық сусындарды  басқа да кез келген  тамақ өнімдері мен сусындар сияқты теңгерімді немесе араластыра отырып, салауатты өмір салтына сай тұтынған жөн. Энергетикалық сусындарды да түрлендіру мақсатында қантпен және қантсыз түрі өндірілді, бұл тұтынушыларға қалауларына қарай немесе денсаулықтарына байланысты таңдап, талғап ішуіне мүмкіндік береді.

Кофеин – энергетикалық сусындардың құрамдас бөлігі  болып табылады. Оның ынталандырушы әсері бұрыннан белгілі.

2011 жылы Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі басқармасы (EFSA) сергек болуға және зейіннің жоғарылауына байланысты кофеинге қатысты жағымды мәлімдемелерді жоғары бағалады. EFSA комиссиясы мұндай мәлімдемелерді өнімнің сыртына орналастыру үшін оның құрамында, яғни бір порцияда кемінде 75 мг кофеин болуы керек.

Таурин – бұл адам ағзасында табиғи түрде кездесетін амин қышқылы, сонымен қатар ол кәдімгі балық және құс өнімдерде де ұшырасады. Таурин табиғи түрде емшек сүтінде кездесетіндіктен ол нәрестеге арналған сүт қоспасы ингредиенті ретінде де қолданылады. Жалпы көпшілік айтып жүрген пікірлерге қарамастан,  таурин қоздырғыш емес және орталық жүйке жүйесіне әсер етпейді деп кесіп айтуға болады. 2015 жылы Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі органы тауриннің орталық жүйке жүйесіне ықтимал ынталандырушы әсері екіталай екенін растады.

Көптеген энергетикалық сусындарда кездесетін синтетикалық ингредиенттер қауіпті, әрі олар денсаулыққа зиянды деген аңыз  шындыққа еш жанаспайды. Синтетикалық ингредиенттер жоғары және тұрақты сапаға кепілдік береді. Шығарылатын ингредиенттер азық-түлік өнімдері туралы заң талаптарына сәйкес келеді және олардың табиғи құрамдас бөліктері сияқты бірдей функцияға ие.

Дұрыс емес.

25 жылдан астам уақыт бойы энергетикалық сусындарды бүкіл әлем бойынша тұтынушылар сенімді түрде қолданып келеді және олар алкогольсіз сусындар нарығының тек 1% құрайды. Энергетикалық сусын өндірушілер жапсырмалар, парақшалар және компания мен өнімнің веб-сайттары арқылы тұтынушыларды жеткілікті түрде ақпараттандырады.

Жалған.

Энергетикалық сусындар – бұл алкогольсіз сусындар болып табылады. Олардың негізгі функционалдығына қарамастан, кейбір тұтынушылар энергетикалық сусындарды алкогольдік сусындармен араластырады. Жалпы  алкогольдік сусындарды коламен де, сергіткіш, газдалған сулармен де, имбирь балдырымен де, сонымен қатар түрлі жеміс шырындарының барлық түрлерімен араластырып пайдаланады, бұл үрдіс неше он жылдықтардан, тіпті жүз жылдан бері жалғасуда.

Не үшін энергетикалық сусындарды алкогольмен араластыруға болмайтындығын дәлелдейтін ешқандай  ғылыми негіз жоқ. Дегенмен, тұтынушылар алкогольді шамадан тыс және жауапсыз түрде ішудің адам ағзасына және мінез-құлыққа кері әсерін тигізетінін есінде ұстауы керек, алкогольді коламен, болмаса апельсин шырынымен, не болмаса, сергіткіш энергия беретін сусындармен араластырып, соның әсерінен зиянға ұшырадым деуі ақылға симайды.

Энергетикалық сусындарды алкогольмен араластырып тұтынса белгілі бір әсері (теріс немесе оң дегендей) болмайды. Мұны Ұлыбритания үкіметінің токсинділік жөніндегі комитеті (2012 ж.) растады, онда « кофеин мен алкогольдің өзара әрекеттесуінде зиянды токсикологиялық немесе мінез-құлыққа кері әсер ететін дәлелдеме жоқ» деген қорытындыға келген. Жақында Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі басқармасы (EFSA, 2015) қолда бар ғылыми дәлелдерге сүйене отырып, кез келген тамақ көзінде, соның ішінде энергетикалық сусындарда алкоголь мен кофеиннің өзара әрекеттесуінде зияндылық жоқ екенін анықтады.

Қосымша, ЕЭСҚ-ның Тәжірибелік Кодексі мұнымен байланысты ұстанымдарды ұстануды өз міндетіне алды. Тәжірибелік Кодекспен танысып шығыңыз.