• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Энергетикалық сусындар шөлдете ме?

Энергетикалық сусындардағы ингредиенттердің ешқайсысы сусыздану проблемасын тудырмайды. Оның құрамында бар болғаны кейбіріміздің күнделікті ішетін қарапайым сусындардың немесе бір тостаған  кофенің құрамында болатын мөлшерлі кофеиінмен пара-пар. Бұны Еуропалық Одақ азық-түлік қауіпсіздігінің қауіптілігін бағалаушы орган – Еуропалық  тағамдық азық-түліктер қауіпсіздігі басқармасы (EFSA) растады (2015).

Алайда, спортпен шұғылданғанда, сондай-ақ, қарқынды жаттығулар жасаған кезде сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдау адам ағзасы үшін  өте маңызды. Сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдамай, қарқынды жаттығулар жасау ағзаның сусыздануына алып келеді.

Энергетикалық сусындар – су балансын қалпына келтіруге арналған спорттық сусын емес. Ол әу баста мұндай мақсатта әзірленбеген.

Жалпы, жаттығулар орындаған кезде, әсіресе қарқынды жаттығулар жасағанда көп мөлшерде кәдімгі су ішкен дұрыс.