Көптеген адамдар үшін таң бір шыны кофеден басталады. Кофеин әр түрлі формада, соның ішінде алкогольсіз сусындар мен энергетикалық батончик түрінде тұтынылады. Алайда ғалымдар кофеиннің жүрек денсаулығына қалай әсер ететінін зерттеуді жалғастыруда.
Жаңа зерттеу 400 мг-нан асатын мөлшерде кофеинді күнделікті тұтыну жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттыруы мүмкін екенін мәлімдейді. Зерттеу аясында кофеиннің «жас сау» ересектерге әсері зерттелді. Жоғарыда аталған мөлшерде тұтыну жүйке жүйесін бұзуға қабілетті екендігі анықталды, бұл өз кезегінде жүрек соғу жиілігі мен қан қысымының жоғарылауына әкеледі. Зерттеушілер гипертония мен жүрек мәселелерінің даму қаупін азайту үшін кофеинді қалыпты мөлшерде тұтыну керек деген қорытындыға келді.
Бұл жерде Еуропалық азық–түлік қауіпсіздігі агенттігі (EFSA) кофеинді тәулігіне 400 мг-ға дейін тұтыну сау ересектер үшін қауіпсіз деп санайтынын атап өткен жөн (жалғыз ерекшелік – жүкті әйелдер). Болашақта бұл деңгей қайта қаралса да, EFSA кофеиннен мүлдем бас тартуды ұсынуы екіталай, өйткені оның денсаулыққа жағымды қасиеттері де бар.
Кофеин – бұл 60-тан астам өсімдіктерде кездесетін табиғи ингредиент, олардың ішіндегі ең танымалдары, әрине, шай бұтасы мен кофе ағашы. Қазіргі азық-түлік нарығында кофеин әртүрлі тағамдарда, соның ішінде алкогольсіз сусындар мен энергетикалық батончиктерде кездеседі. Бірқатар зерттеулерге сәйкес, кофеин Альцгеймер ауруы, қант диабеті және бүйрек ауруларының қаупін азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл ми мен жүйке жүйесінің белсенділігін арттыратын табиғи стимулятор болып табылады.
Сонымен, жаңа зерттеудің деректері кофеинді үнемі көп мөлшерде тұтынатын адамдарды алаңдатқанымен, егер EFSA өз ұсынымдарын айтарлықтай түзетпесе, жалпы тұтынушылардың мінез-құлқына әсер етуі екіталай. Екінші жағынан, тамақ пен сусын өндірушілер үшін бұл кофеині аз (немесе мүлдем жоқ) тағамдарды ілгерілету мүмкіндігі болуы мүмкін.
Дереккөз: http://www.foodnavigator.com