• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Сау ішек жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтады

Соңғы онжылдықта ішек саулығының жалпы денсаулыққа көптеген оң әсерлерімен байланысы көрсетіліп келеді. Бірақ оның жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алудағы рөлі әлі шешілмеген мәселе болып отыр.

Соңғы жылдардағы зерттеулер ішектің жақсы саулығы когнитивті қызметті жақсартудан бастап, қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің алдын алуға дейінгі бірқатар оң әсерлерді қамтамасыз ететінін көрсетті. Қалай болғанда да ішек микробиомасын сақтайтын тамақ пен сусын сегменті аса жылдам қарқынмен өсуде. Бұл тақырыпты жақсы түсінуге тырысатын ғалымдардың қызығушылығы да азайып жатқан жоқ. Соңғы зерттеулердің бірі ішек микробиомасы жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтуға көмектесе алатынын анықтауға бағытталған.

Аталған жұмыс аясында ғалымдар 1400-ден астам қатысушының ішек бактерияларының үлгілерін талдады. Жоғарыда аталған аурулармен байланысты микробтар мен метаболизмдік жолдарды сәйкестендіру үшін қан үлгілері мен жүрек-қан тамырлары көрсеткіштері де зерттелді. Зерттеушілер бактериялардың бірнеше түрін анықтай алды, олардың деңгейі қандағы аурудың маркерлерімен байланысты (мұндай маркерлердің арасында – холестерин мен глюкоза деңгейі).

Нәтижесінде Оscillibacter тұқымдас бактериялардың бір тобының артуы холестерин деңгейінің төмендеуімен қатты байланысты болды. Себебі, бұл бактериялар холестеринді ыдыратуға қабілетті, сондықтан оның аз мөлшері қанға енеді, өз кезегінде жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін азайтады. Авторлар өз жұмыстарын осы ауруларға әсер ететін бактериялар мен метаболизмдік жолдарды түсінудің алғашқы қадамы деп атайды, бұл болашақта ішек микробиомасын манипуляциялау үшін тиісті терапияны жасауға көмектеседі.

Дереккөз: http://doi.org/10.1016/j.cell.2024.03.014