• Русский
    • Қазақ тілі
Close
  • Русский
  • Қазақ тілі
Close

Дұрыс тамақтану ұзақ өмір сүруге ықпал етеді

Жаңа зерттеу дұрыс тамақтанудың артықшылықтарының бірі өмір сүру ұзақтығын ұлғайту екенін дәлелдейді. Ұзақ өмір сүруге ықпал ететін кейбір диеталар адамның өмірін 10 жылдан астам уақытқа ұзартуға мүмкіндік береді.

Халықаралық ғалымдар тобының жұмысы Ұлыбританияда жыл сайын 75000 мезгілсіз өлім нашар тамақтанумен байланысты екенін және олардың 17000-ға жуығы 15 пен 70 жас аралығындағы адамдар екенін айтады. Бұның алдында да дұрыс таматанудың өмір сүру ұзақтығына оң әсері туралы айтуға мүмкіндік беретін зерттеулер жүргізілген. Жаңа нәтижелер тіпті қартайған кезде дұрыс тамақтануға көшсеңіз, бұл әсерге қол жеткізуге болатындығын көрсетеді.

Зерттеу аясында ғалымдар дұрыс тамақтанудың өзгеруі өмір сүру ұзақтығына қалай әсер ететініне және тағамның белгілі бір түрлерін ұзақ өмір сүрумен байланыстыруға болатынына назар аударды. Жалпы алғанда, бұл жағынан ең қолайлы диета келесідей болды: сүт өнімдерін, жаңғақтар мен бұршақ дақылдарын тұтынудың жоғары деңгейі, өңделген дәнді дақылдар мен ет өнімдерін аз тұтыну, қызыл ет пен қантты сусындарды «салыстырмалы түрде аз» тұтыну, сондай-ақ дәнді дақылдарды, балықты, жемістерді және ақ етті қалыпты тұтыну.

Сонымен қатар, зерттеу деректеріне назар аударсақ, өлім-жітіммен тығыз байланысты диета жұмыртқаны, өңделген ет пен дәнді дақылдарды және қантты сусындарды тұтынудың жоғары деңгейімен сипатталды. Өмір сүру ұзақтығына ең үлкен оң әсер диетадағы дәнді дақылдар мен жаңғақтардың үлесінің артуы, қантты сусындар мен өңделген ет өнімдерінің үлесінің төмендеуі болып табылады.

Авторлар, егер сіз 40 жаста пайдалы емес диетадан жоғарыда ұсынылған диетаға ауыссаңыз, өмір сүру ұзақтығы 10 жасқа дейін өсуі мүмкін екенін түсіндірді. Тіпті 70 жаста да әдеттеріңізді өзгерту кеш емес – ұзақ өмір сүруге бағытталған диетаның оң әсері шамамен 4-5 жыл болуы мүмкін. Ғалымдар, егер сол Ұлыбританияның мысалында теңдестірілген тамақтану бойынша ұлттық ұсыныстарды нақты ұстанатын болса, мұның барлығына дерлік қол жеткізуге болатынын атап көрсетеді.

Дереккөз: http://doi.org/10.1038/s43016-023-00868-w