Нидерланды ғалымдары жаңа жұмысында мына сұраққа жауап іздеді: сусындардың сапасы гликемиялық көрсеткіштердің өзгеруіне және 2 типті қант диабеті қаупіне әсер ете ме? Жауап іздеуде олар аталмыш пайдалы сусындар индексінің (Healthy Beverage Index, HBI) инсулинге төзімділікпен және предиабет пен 2 типті қант диабеті қаупімен байланысын зерттеді.
Бірнеше жыл бұрын АҚШ-та әзірленген пайдалы сусындар индексі (HBI) – бұл, негізінде, әр түрлі сусындарды тұтынудың ұсынылған деңгейін, сұйықтықтың жалпы тұтынылуын және тиісті диетаның жалпы сапасын бағалау үшін сусындардан алынатын энергияны бағалауды қамтитын рейтингтік жүйе. HBI шеңберіндегі жоғары рейтинг сусындарды тұтынудың салауатты үлгісін білдіреді, ол бірқатар алдыңғы зерттеулерде кардиометаболикалық тәуекелдің төмендеуімен байланысты болды.
Жаңа зерттеуде бастапқыда қант диабетімен ауырмаған 6 мыңнан астам адамның деректері қарастырылды. Қатысушылардың диетасы тамақтану жиілігі туралы сауалнамалар арқылы бағаланды. HBI жалпы рейтингі 0-ден 100-ге дейін 10 құрамдастырушыны – сусындардың энергетикалық құндылығын, сұйықтыққа деген қажеттілікті қанағаттандыруын, суды, кофе және шайды, майсыз сүтті, диеталық сусындарды, шырындарды, алкогольді, майлы сүт пен тәтті сусындарды қамтыды. Жоғары балл сусындарды анағұрлым салауатты тұтынуға сәйкес келеді. Деректер 20 жылдан астам уақыт аралығын қамтыды.
Талдау нәтижелері НВІ арқылы бағаланған сусындарды тұтынудың жалпы сапасы инсулинге төзімділікке, предиабетке және 2 типті қант диабетіне қатысты маңызды рөл атқармайтынын көрсетеді. Авторлар НВІ халықтың сусындарды тұтыну сапасын бағалаудың жеткілікті құралы болмауы мүмкін деп тұжырымдайды.